Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Тұлға, адам және индивид ұғымдары



бет51/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

7.1.Тұлға, адам және индивид ұғымдары
7.2. Адамның әлеуметтену үдерісі
7.3. Рөлдер және мәртебелер

1. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.


«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Тұлға ұғымы жеке адамның даму нәтижесін, адамның бүкіл сапаларының толық жүзеге асуын білдіреді. Тұлға әлеуметтік қатынастар субьектісі ретінде ең алдымен автономдығымен, қоғамнан белгілі бір дәрежеде тәуелсіздігімен сипатталады. Тұлғаның дүниеге көзқарас, әлеуметтік құндылықтар, идеялары негізінде іс-әрекетке дайындығын көрсететін мінез-құлық принциптері- өмірлік ұстаным бағыты. Тұлға әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды сипаттайды. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Индивидті тұлғаға айналдыру процесі әлеуметтену деп аталады. «Әлеуметтену» ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеру процесін сипаттайды. Әлеуметтендіру дегеніміз – бұл топтық тәжірибені игеру үрдісі.
Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет