Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының қызметі



бет48/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының қызметі:
1. Теориялық - әдістемелік - ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға, сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажеттті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мумкіндік береді.
3. Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде жоспарлауға мүмкіндік береді
Әлеуметтік зерттеу төрт кезеңнен тұрады:
1. Зерттеуге дайындық. Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдықтехникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі.
2. Бастапқы ақпаратты жинақтау кезеңі. мағлұматтарды “алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т. б) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік, т. б) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады.
3. Жиналған ақпаратты өңдеу кезеңі. жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.
4. Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады.
Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын-ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалынған жұмыстардың нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты жасалады.
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу (ауызша интервью, жазбаша –саалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу).
Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді:
1. Дәстүрлі (жалпы және арнайы)
2. Қалыпқа келтірілген (контент- талдау, жаднама – сұрақнама).
Дәстүрлі талдау ретінде «құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары. Іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оны талқылаудың өзі.
Қалыпқа келтірілген әдіс сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.
Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет