Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет45/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маныздысы - таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздік жүріп отыр.
Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі, жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.
М.Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар.
Біріншіден, М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық, білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б.
Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К.Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.Вебердің социологиясында орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет