Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады



бет67/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.
Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.
Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.
Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.
Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды. Еңбекке қатынас (көзқарас) — бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Еңбектің әлеуметтік мәні: Еңбек ұғымы экономикалық ғана емес сонымен қатар социологиялық категория. Еңбек адамдардың қоғамда алатын орнын кәсіптеріне, мамандығына, еңбектің мазмұны мен жағдайларына қарай өзгертіп отырады. Еңбек процесінде адам табиғатқа әсер етіп, материалдық және рухани құндылықтар жасай отырып, өзінің де табиғатын өзгертеді. Еңбектің әлеуметтік мәні «еңбектің сипаты» және «еңбектің мазмұны» ұғымдары арқылы ашылады. Еңбектің сипаты адамның өз еңбек әрекетіне қатынасын көрсетіп, негізінен алғанда адамның әлеуметтік мәнін бейнелейді. Еңбектің сипаты негізінен алғанда, еңбектің мазмұны арқылы анықталады.
Еңбектің мазмұны – бұл нақты еңбек әрекетінде еңбек заты, құралы және ұйымдастырылу түрі арқылы анықталатын қызметтік ерекшелігі.
Еңбектің негізгі әлеуметтік сипаттамасы оның жағдайларымен байланысты. Еңбек жағдайлары қалыпты және зиянды болып бөлінеді. Қалыпты еңбек жағдайлары адамның денсаулығына тікелей зиян келтірмейді. Қалыпты еңбек жағдайларының негізгі классификациясы: а) санитарлық-гигиеналық; б) физиологиялық; в) эстетикалық;
Еңбек процесінің өзіндік әлеуметтік-психологиялық құрылымы бар. Оларға стимулдар, мотивтер, құндылықтар, еңбекке қанағаттану кіреді. Бұл аталған еңбек сипаттамаларынкелесідегідей әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық әдістермен өлшеуге болады.
Еңбекке ынталандыру. Еңбекке материалдық және моралдық ынталандыру жүйесі. Стимулдар - еңбек етуге ынталандырудың сыртқы факторлары.
Материалдық ынталандыру – еңбек ақысын көтеру, премиялар, қосымша демалыс т.б.
Еңбек мотивациясы – белсенді еңбекке адамның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізінде жету.
Мотивтер – адамның құндылықтарымен, құндылық жүйелерімен байланысты ішкі факторлар. Бұл еңбекке еріксіз көндіруден ерікті түрде еңбек етуге көшу.
Құндылық - адамды қоршаған объектілердің тікелей қасиеттерімен емес адамның онарды бағалауы негізінде қалыптасатын жағымдылық баға.
Еңбек процесінің құрылымын былайша көрсетуге болады:
1) Мақсат - іс-әрекеттің идеалды жоспары.
2) Еңбекке қатынас - оның негізінде еңбектің мағыналығы және қоршаған ортаны өзінің жоспары бойынша құру әрекеті тұр.
3)Еңбекке ынталандыру - еңбек белсенділігіне бастайтын сыртқы факторлар
4)Еңбек мотиві – маңызды деп саналатын ішкі стимулдар, қажеттіліктер
5)Құндылықтар және құндылық бағыттар – іс-әрекеттің эстетикалық императивтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет