Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Еңбектің қызметін көрсететін қоғамдық қызметтер



бет68/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Еңбектің қызметін көрсететін қоғамдық қызметтер.
Біріншіден, еңбек адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсіл ретінде көрінеді.
Екіншіден, еңбек - қоғамдық байлықтың көзі.
Үшіншіден, еңбек қоғам жасаушы және қоғамдық алға басу факторы.
Төртіншіден, еңбектің адам шығарушы факторы. Бесіншіден, еңбек адам үшін төленетін бостандыққа жолдағыш күш. Еңбек социологияда негізгі категорияларға мыналар жатады: еңбек шарты, еңбек ұйымы, еңбек түрлері, еңбек мазмұны, еңбек сипаты, еңбекке көзқарас, еңбекпен қанағаттанушылық, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты және т.б. Адамның еңбекке әсерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі жұмысшыларға материалдық қызығушылықтардың қолма-қолдығы және жетіспеушілік нәтижесі болып табылады. 1992 жылы Қазақстандағы жұмысшылардың еңбекпен қарым-қатынасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласындағы автотранспорттық; мекемелерде қызмет істейтін 2000-ға жуық жұмысшыларға еңбекке қанағат ету деңгейін анықтау мақсатында сауалдар қойылып, тексерулер жүргізілді. Олардың арасында - жүргізушілер, жөндеушілер, төмен деңгейлі қызметкерлер де болды. Жүргізушілер арасында өз еңбегіне тәубе етушілер 63,3%-ды құрайды. Қанағат етуінің орта деңгейіндегі жұмысшылар үлесі - 13,9%, өз еңбегіне көңілі толмағандар 23%-ды құрады.
Жөндеушілер арасында: қанағат етпеушілер - 52,6%, ал төмен деңгейлі қызметкерлер арасында - 50,0% . Бір айта кететін жайт, әйелдер арасында өз еңбегіне қанағат етушілер саны ер адамдарға қарағанда жоғары, мысалы, әйелдер арасындағы керсеткіш - 642% болса, еркектер арасында - 61,4%.
13 лекция. Масс-медиа және қоғам
13.1. БАҚ-тың қоғамдағы ролі
13.2. Масс-медианың маңызы мен түрлері
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Олардың мынадай ерекше белгілері: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
«Медиа» термині (латын тілінде «media», «medium» – құрал, тасымалдаушы XX ғ. «бұқаралық мәдениет» құбылысын анықтап көрсету үшін енгiзiлген («mass culture», «mass media»). Қазіргі кезде «масс-медиа» термині бұқаралық коммуникация құралдарын мағынасын білдіруде: баспа басылымдары, теледидар, радио хабарламалар, интернет беттеріндегі ақпарат қайнарлары, сонымен қатар кино, видео, ұялы телефондық байланыс және т.б. Бүгінгі күнде олардың маңыздылығы соншалықты, яғни басым бөлігі масс-медиаға тәуелді болғандықтан, тек «ақпараттандырылған»қоғам деп атап қана қоймай, сонымен бірге «медиаландырылған» қоғам деп те аталуда. Бұл үрдіс аталған ұғымның институциялану барысын аңғартады.
Масс медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесулері және өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәдени және өзге де салалардағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде.
Масс медиа – көп ақпараттар тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез-келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатамыз. Бұл масс медиа.
Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мәліметтерге кез келген уақытта, әртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мәлімет енгізуге және бірнеше адамның бірігіп, ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды.
Жаңа медианың келесі бір қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну және әзірлеудегі еркіндіктің берілуімен құнды. Жаңа медианың дәстүрлі медиадан айырмашылығы контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр. Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде әзірленуімен ерекшеленеді. Сондықтан да жоғары сапалы сандық тәсілмен плазмалы теледидардан бағдарламаның көрсетілу әлі де дәстүрлі медиа болып саналады да, ал қарапайым рок әншілердің интернеттегі сайттарынан тыңдармандардың әндерді жүктеп алып, пікірталқы ұйымдастыра алатын болса "жаңа медиаға" жатады.
"Жаңа медиа" деп суреттелетін көптеген технологиялар әдетте манипуляциялайтын, желіде жұмыс істейтін, сығымдалған, интерактивті сандық форматта болады. Оның кейбір үлгілеріне Интернет, сайттар, мультимедиалы компьютер, компьютер ойындары, CD-ROM-дар және DVD-лар жатады. Теледидар бағдарламасы, көркем фильм, журнал, кітап немесе қағазда жарияланған мәліметтің сандық форматта графикасы, интернет сілтемелері бар интерактивті қызметтері болмайынша жаңа медиаға жатпайды.
Шындығына келгенде, адам ақпаратсыз өмір сүре алмайды. Қай ғасырды алып қарамасақта, адамдар қандай құралмен болсын ақпарат алмасқан. Мысалы, сонау таста қашалған жазулар, папирусты қағаздар, кітаптар, газеттер, радио-теледидар.
Осының барлығы ақпарат тарататын құралдар. Газеттен асыға күтетін мақалалар мен теледидардан көрсетілетін жаңалықтар легі - дәстүрлі медианы қамтитын болса, ал жаңа медиа дегеніміз - жаңа құралдар арқылы ақпарат тарату. Күнделікті қолданатын ұялы телефон, компьютер, ондағы сайттар, блогтар барлығы жаңа медиа құралдары.
14 лекция. Денсаулық және медицина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет