Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Әлеуметтану ғылымы өз құрылымында



бет36/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

2. Әлеуметтану ғылымы өз құрылымында фундаментальді (іргелі) және қолданбалы да құрылымдарға бөлінеді.
Мұндай бөліністің себебі әлеуметтанулық зерттеулердің алуан түрлі мақсат-мүдделеріне байланысты.
Фундаментальді (іргелі) әлеуметтану ғылымының теориялық-әлеуметтанулық қырларын байытуға бағытталса, қолданбалы бөлік әлеуметтік өкілді жетілдіруге қажетті практикалық мәселелермен айналысады.
Социология құрылымы үш деңгейле болғандықтан, социологтар социологияны макросоциологияға және микросоциологияға бөледі.
Макросоциология үлкен масштабтағы әлеуметтік жүйелерді және тарихи ұзақ процестерді зерттейді.
Микросоциология адамдардың тұлға аралық қарым-қатынастардағы мінез-құлықтарын зерттейді.
Қоғамның ішкі және сыртқы күштердің әсер етуі арқылы, үнемі өзгерістерге ұшырап, дамып отыратын әлеуметтік организм екендігін білеміз.
Қоғам тұрақты қозғалыста болып, әлеуметтік құбылыстардың ауысып отыруына байланысты әлеуметтік өзгерістерге ұшырап отырады.
Қоғамда әлеуметтік құбылыстар өзгеріске ұшырамаса, ол дамымайды.
Бұл өзгерістер төменгі деңгейге /микроуровень/ /жеке адамдардың ролінің ауысуы/
немесе жоғарғы деңгейде де /макроуровень/ /қоғамдағы әлеуметтік топтастырудың ауысуы/ болып жатады.
3. Құрылымдық-функциялық теория (немесе құрылымдық функционализм) әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Биолог ғалым жасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмысістейтінін (функциясын) анықтаса, қүрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға тырысады. Құрылымдық-функциялық теорияның негізіндегі болжамдар барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс істейтінін зерттеуге мүдделі.
Құрылымдық – функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Толкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми әдістерден құрылымдық-функционалдық әлеуметтануда кеңінен қолданылады.
Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ жасауды көздейді. Сондай-ақ, олар қоғамдағы базалық құндылықтарды бекітудегі діннің атқаратын қызметіне анализ жасауға баса назар аударады. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі– конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет