Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет34/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Уильям Эдуард Дюбуа (1868-1963). 1860-1920 жылдар аралығында құлдық пен азаматтық соғыстың және қарқынды иммиграцияның әсерінен Еуропамен салыстырғанда АҚШ-та нәілдік пен этностық кемсітушілік маңызды проблемаға айналды. Бұл проблемаларды зерттеген алғашқы әлеуметтанушылардың бірі – У.Э.Дюбуа болды. Ғалым 1895 жылы Гарвард университетінде докторлық дәрежесін қорғады. Ол афроамерикалықтар туралы эмпирикалық деректерді саралап, оны нәсілшілдікпен күресте қолдану мақсатына бүкіл саналы ғұмырын арнады.
Джейн Аддамс (1860-1935). Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының 1931 жылғы иегері Джейн Аддамс өз еңбегінде АҚШ әлеуметтануының ерте кезіндегі әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік реформаларға баса назар аударды. Аддамс Чикагоның кедей аудандарында әлеуметтік қызмет көрсету және қоғамдық белсенділік орталығы, Халл-хаустың негізін қалады. Әріпестерімен бірге ол әлеуметтік ғылыми деректерді еңбек қауіпсіздігін арттыруға, жасөспірімдерді заңмен қорғауды жетілдіруге, қоғамдық санитария мен кедейлерге қызмет көрсетуді жақсартуға арналған заңдарды қабылдау үшін пайдаланды.
Бүгінде көптеген америалық әлеуметтанушылар нәсілдің, тап пен жыныстың (жекелей әрі бәрін бірге алып) қоғам өміріне тигізетін әсерінің бәрін зерттеп жатыр. Кең мағынада қарасақ, АҚШ әлеуметтанушыларының еңбектерінің негізгі бағыты – әлеуметтік проблемаларды шешуге күш салу. Олар әлеуметтік өмірді жүйелі түрде зерттеп, зерттеу нәтижелерін басқа адамдардың да қолы жететіндей етудің арқасында әлемді жақсартудан үміттенеді. Сонымен қатар кейбір әлеуметтанушылар қоғамдағы проблемаларды шешу үшін әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдарда тікелей жұмыс істейді. Америкалық зерттеушілердің азғантай тобы (олардың саны артып келеді) The Daily Show және The Today Show бағдарламаларына қатысып, «Нью-Йорк Таймс» газетінде және Slate.com сайтында материал жариялап, тіпті сотта және Конгресте әлеуметтік проблемалардың сипаты және оларды шешу жолдары туралы баяндамалар жасап, өз зерттеулерін қоғамға және саясаткерлерге тікелей жеткізіп жүр.

3 лекция. Әлеуметтану теорияларына кіріспе




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет