Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет35/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

3.1. Макро және микро деңгейлер
3.2. Әлеуметтанулық теориялардың негізгі бағыттары (Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар)
Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Сол cияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды.
Cол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парагдигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға болады. Қоғам тұтас әлеуметтік шындық ретіндегі негізгі ережелер мен принциптер әлеуметтану парадигмасына жатады.
Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады:
1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар;
2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар.
Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады.
Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі.
Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:
1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар;
2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар.
Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді:
а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:
1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;
2)символикалық интеракционизм;
3)феноменологиялық парадигма;
4) этнометодологиялық парадигмалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет