Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді



бет50/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді:
а) бір ғана респондентпен бір ғана мәселе бойынша белгілі бір уақыт аралығында панельдік – көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеменың даму динамикасын зерттеу;
ә) топтық; б) бағытталмаған. Зерттеуші мен респондент арасындағы сұқпаттасу тәсілі бойынша интервью нақты – «бетпе-бет» және жасырын - телефондық (10 -15 мин) сөйлесуге бөлінеді.
Интервьюдің мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді.
2. Интервьюердің респондентпен жеке қарымқатынасы сұрақтаманың барынша іске асуын қамтамасыз етеді.
3. Жеке қарым-қатынас сауалнамаға барынша байсалдырақ қарауды қамтамасыз етеді, алайда мынадай қиындықтарда кездеседі:
а) әрбір респондентпен психологиялық байланысты іздестіру;
ә) едәуір материалдық және уақыт шығындары;
б) интервьюерлерді дайындаудың еңбек сиымдылығы;
в) аномделік проблемасын шешу.
Эксперимент - `experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе) бақыланатын және басқарыланылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи (далалық, лабораториялық) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.
Әлеуметтік мониторинг Қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті-жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда жүйелі түрде алып тұру болып табылады. Әдетте аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады. Әлеуметтік зерттеулерде жалпы ғылыми әдістерде қолданылады.
Анализ - объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу.
Синтездеу - объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі.
Индукция - ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуы.
Дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.
Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады, ол ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлігінде, әдетте, зерттеу үшін таңдалып алынған проблемелар негізделеді, іріктемеге, ақпараттың жинау әдісіне, зерттеуге қатысушылардың санына сипаттама беріледі. Екінші бөлігінде зерттеу объектісі әлеуметтік – демографиялық белгілері (жынысы, жасы, білімі және басқалары) бойынша сипатталады. Есептің келесі бөлігі бағдарламада шығарылған гипотезалардың жауаптарын іздестіруге арналған. Есепке бағдарламадан, жоспардан, анкетадан немесе интервью бланкіден компьютерлік кестелерден, графикалардан және т. с. схемадан тұратын қосымша беріледі.

7 лекция. Әлеуметтену және бірегейлік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет