Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет53/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

8.1. Отбасы әлеуметтануының сипаты
8.2. Отбасы типологиясы
8.3. Отбасының әлеуметтік қызметтері



  1. Соңғы онжылдықтарда америкалық отбасылар көптеген өзгеріске ұшырады.Ажырасу мен жалғыз басты ата-аналар көбейді. Кішкентай баламен қалған әйелдердің дені жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр. Ал асыранды балалардың көпшілігі туған ата-анасы туралы біле алатын болды.

Сонымен қатар, бір жынысты неке, үйленбей тұрып жыныстық қатынасқа түсу және нәсіларалық отбасылар,бұрынғыдай емес, қалыпты жағдайға айналды. Бұл өзгерістер бәрімізге тікелей немесе жанама түрде әсер етті. Осы тарауда айтылған өзгерістердің әлеуметтік сараптамасы мен салдары қарастырылған. Біз негізгі әлеуметтік институттар ретіндегі неке мен отбасын кеңінен сипаттаудан бастаймыз.
АҚШ отбасыларының болашақтағы өзгерісін болжау үшін дүниежүзінде кездесетін отбасы түрлеріне мән берген абзал.Осы арқылы отбасында ненің маңызды екенін түсінеміз. Жалпыға ортақ жайттар. Қай халықта да отбасына бөлінген белгілі міндеттер бар, олар әдетте келесі құндылықтарды қамтиды (Seccombe& Warner 2004):

  • көбею арқылы халық санын сақтап тұру;

  • жыныстық мінез-құлықты реттеу;

  • асырауындағы балаларға, қарттарға, науқастарға және мүгедектерге қамқорлық көрсету;

  • жастарды әлеуметтендіру;

  • достық, қамқорлық және эмоционалдық қолдау көрсету;

Аталған әрекеттер тек бір адам үшін ғана емес, қоғам үшін маңызды. Сондықтан да әлеуметтік құрылымдар осы мақсаттарға жету үшін жұмыс істейді.Ешбір қоғам мұны жеке адамның талпынысы күйінде қалдырмайды.
Теориялық тұрғыда бұл міндеттерді діни немесе білім беру мекемелері орындай алады. Бірақ қоғам бұл міндеттерді отбасының еншісіне берді.
Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы – биологиялық және әлеуметтік топ. Отбасы-қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байланысатын адамдар тобы. Бұл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бірге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойынша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс.
Отбасының негізі, іргетасы-неке. Неке дегеніміз- екі адамның ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Бұл-дүниеге бала әкелу мен жыныстық қатынасты реттеуді қамтамасыз ететін институционалдық әлеуметтік құрылым. Қазіргі кезде некеге дейінгі некеден тыс немесе бір жыныстық қатынасқа көп елдер төзімділік танытып отыр. Дегенмен баланың некесіз тууына қарсылық басым. Кей елдерде некесіз қатынас пен некесіз баланы дүниеге әкелу қатаң жазаланады, ал енді бірінде жаза тым жеңіл.
Сонымен бірге неке деген - ерлі-зайыптылардың міндетін заң жүзінде анықтайтын келісім.1960 жылдары отбасылық міндеттер ер мен әйел арасында қатаң бөлінген болатын. Мысалы, ер адамдар әйелдерін қаржылай қамтамасыз етуі керек еді. Ал әйелдерге үй шаруасы және күйеулеріне жыныстық қызмет көрсету міндеттелді. Еркек пен әйелдің арасындағы мұндай міндеттер 1970 жылы феминистік қозғалыс пайда болған соң,өзгере бастады. Неке-бала тәрбиесі үшін өте маңызды, өйткені ата-аналарға және өзге туыстарға әлеуметтік қадағалаушы рөлі беріледі. Некелі жұптар балалы болған кезде ата-аналары, ата-әжелері және аға-әпкелері сәбидің жақсы өсуі үшін өзднріне жауапкершілік алады. Ал некесіз дүниеге келген бала бұл жағынан әлсіз. Балаға қамқорлық көрсететін адамдар аз болады, ал қамқор болмаған адамдарды әлеуметтік немесе заңды тұрғыдан жазалай алмайсыз. Сондықтан некесіз дүниеге келген балалардың өлім-жітімі жиі кездеседі.
Мәдениетаралық өзгешеліктер. Бұған дейін біз отбасылардың көбіне өзара ұқсас келетінін айтқанбыз. Бірақ әлемдегі отбасылардың елеулі айырмашылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет