Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Отбасының атқаратын қызметтері (функциясы



бет55/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Отбасының атқаратын қызметтері (функциясы)
Отбасының әлеуметтік функциясы дегеніміз -оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар қызметі. Отбасы қызметі ерекшелікті және ерекшеліксіз деп бөлінеді. Отбасының ерекшелікті қызметтері отбасының қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері.
Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
- ұрпақ жалғастыру қызметі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- материалдық-экономикалық және шаруашылық
- тұрмыстық қызмет, яғни балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- тәрбиелік қызмет, балаларды тәрбиелеу, оларды әлеуметтендіру
Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгеріске түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері- жеке меншіктің жинақталып, қорлануы және оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалысты ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы, микроахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің барлығы отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді.
Отбасы қоғам үшін маңызды бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен процедуралардың жүйесін құрайды. Бұл жағдайда отбасы неке немесе адамдардың туыстық қатынастары арқылы байланысқан топ ретінде анықталады. Ол балаларды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Көптеген қоғамдарда, отбасында қалыптасқан дағдылар мен әдет-ғұрыптар осы функцияларды жүзеге асыруда адамдарға үлкен көмек береді.



Отбасының атқаратын қызметтері








Ұ рпақ жалғастыру қызметі (дүниеге нәресте әкелу)










Тәрбиелік қызмет (балаларды тәрбиелеу, оларды әлеуметтендіру)













Материалдық – экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық қызмет (балаларды асырап, сақтау)







Дамытушылық қызметі (балаларының жеке ерекшеліктерінің, ішкі қабілетінің дамуына ата-ананың өз үлесін тигізуі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет