Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Отбасындағы қайшылықтар немесе ерлі – зайыптылардың ажырасу себептері



бет57/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Отбасындағы қайшылықтар немесе ерлі – зайыптылардың ажырасу себептері
Отбасында қайшылықтардың туындауы отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудырады. Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. Неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінің бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе.
Бұл урбанизация және оның халықтың интенсиві көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғылыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік – экономикалық, мәдени, этникалық, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткендей ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейі бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеленіс бой көрсетеді.
Оның біріншісі – психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады.
Екіншісі – психологиялық деңгей кезінде отбасында әр түрлі жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады. Бұл үнемі қайталанып тұратын ұрыс-керістен, бір-біріне тиісуден, ашушаңдықтан құралады.
Үшіншісі - әлеуметтік рөлдік деңгей. Мұнда отбасындағы тұрмыстық ауыртпалықтың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсініп оларды тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу сияқты көріністер.
Төртінші - әлеуметтік – мәдени деңгей. Мұнда ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінбеуі, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік құндылықтарын қабылдамау сипатында орын алады.
Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді үш топқа біріктіруге болады:
1) Тұрмыстық ахуал, баспана, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, үй шаруашылығына икемсіздігі;
2) Махаббат сезімінің жойылуы, өмірге деген көзқарастың әр түрлілігі, қызғаншақтың, күмәншылдық т.б.
3) Ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзге шөп салуы, жаңа отбасын құруға ниеттенуі;
Қазіргі кезеңде отбасы неке қатынастарында негізгі үш мәселе бар. Олар:
1) отбасының тұрақтылығы проблемасы,
2) бала туу мәселесі,
3) тұрмыс саласындағы проблемалар.

9 лекция. Дін және қоғам




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет