Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет58/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

9.1. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде
9.2. Діннің қызметтері


Дін деп (араб. сенім, наным, илану, исламның балама аты. лат.reliqio – рухани сенім, құдайды сыйлау) – қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі.
Дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады.
Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды.
Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. болды.
Эмиль Дюркгейм (1858—1917) француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушысы дінді негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретінде зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санады. Ол өзінің «Діни өмірдің алғашқы түрлері. Австралиядағы тотемдік жүйе» деп аталатын басты шығармасындағы негізгі пікірі - дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру сияқты әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған.
Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады.
Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез құлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді. Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.
Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері. Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтануының арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.
Діннің әлеуметтік қызметтері негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет