Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мəнін арттыру жалпы əлемдік үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды жəне жалпы өмірде табысты болып келеді.
Орта білім Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді. Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-əдістемелік базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен əдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.. Орта білімге кері əсер ететін факторлар – ескірген əдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне жəне оқушылар денсаулығының нашарлауына əкеледі Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына жəне əлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сəйкес жаңғыртуды талап етеді.
Техникалық жəне кəсіптік білім ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын жəне экономика мен əлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне ғылым Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті жəне бəсекеге қабілетті мамандарды кəсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.
№12 лекция. Еңбек әлеуметтануы
12.1. Еңбек әлеуметтануының сипаты
12.2. Еңбек қатынастарына әсер ететін факторлар
12.3. Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі.
Еңбек әлеуметтануы - XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы кейбір француз әлеуметтанушыларының еңбектерімен байланыстырылатын ұғым. Еңбек социологиясының басты маңыздылығы еңбек категориялау жүйесі мен анықтамаларын негізге ала отырып, еңбек түрлерімен еңбек ұжымдарының даму деңгейлерімен таныстыру. Еңбек - қоғам мен адам өмірінің негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе және осы жүйеде адам өз әрекетімен өзінің табиғат пен қарым-қатынасын бақылайды, реттейді. Осы еңбектің арқасында адам өз өміріне бөлінді және адам болып қаланды.
Еңбек социологиясы еңбекті әлеуметтік процесс ретінде зертттейді, еңбектің әсерін, еңбек тиімділігінің өсуін, еңбекте техникалық және әлеуметтік шарттардың адамдарға өзара байланысын зерттейтін әлеуметтануының бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |