Этникалық қауымдастықтар ретінде жер бетіндегі халыктардың барлығы өркениет сатысында (Ежелгі Үндістан, Қытай, Египет, Греция, Рим ха-лықтары болсын, олардан көп кейінгі кезендегі Франция, Германия, т.б. халықтар) кашан болмасын бірінен-бірі ерекшеленді және бүгінгі таңда да өзінің ерекшелікті әлеуметтік-этникалық белгілері, соның ішінде өзінің шығу тегі, тілі, мәдениеті, этникалық сана-сезімі және т.б. аркылы ерекшеленеді.
Тайпаларға қарағанда өркениет дәуірінде халықтар қалай дегенмен де кең ауқымда әлеуметтік-этникалық тұрғыда шоғырланды және өз тілінің, материалдық әрі рухани мәдениетінің әлдеқайда жоғары сатыда дамуына қол жеткізді. Дәл сол тұста көптеген халықтардың ұлттық мінез-құлықтары қалыптаса бастады, бұл олардың ұлттық сана-сезімі мен санасынан өзінің көрінісін тапты. Басқаша айтканда, тайпалар енді қалыптасу үстіндегі ежелгі халықтар деп саналған ұлттармен алмасты. Ұлтгар бұдан кейінгі тарихи дәуірлерде өздерінің гүлдену сатысына көтерілді. Әлеуметгік-экономикалық тұрғыдан алғанда ұлыс ең алдымен құлиеленушілік пен феодализмге тән құбылыс болды, ол көбінесе қайсыбір ұлттық-мемлекеттік құрылыс түрлерінде жиі ұйымдасты. Алайда, ұлыс қоғамдык дамудың одан кейінгі кезендерінде де тоқырап, жойылып кетпей, өмір сүруін одан әрі жалғастырды.
Ал ұлттың қалыптасуы ру-тайпалық құрылыстың ыдырауынан бастау алған еді. Экономикалық қарым-қатынастың интенсивтендірілуі адамдардың саяси және мәдени қарым-қатнастардың белсенділігін арттырды, бұл олардың ұлт ретінде шоғырлануына, мәдениеттің гүлденуі және ұлттық мінез-құлқының қалыптасып, нығаюына жол ашты. Демек, ұлт-адамдардың тарихи тұрғыда пайда болған әлеуметтік, экономикалық және рухани қауымдастығы, этнос типі. Ұлттық аумақтың тілдің ерекшеліктері, экономикалық байланыстар, психологиялық, мәдениет пен сана сезімнің ортақтығын сиппаттайды. Бұған адамдар қауымдастығының тарихи даму мәселесі тұрғысынан қарауға болмайды. Адамдар қауымдастығының тарихи дамуының тұжырымдамасына сүйенсек, алғашқы қауымдық тайпарлар дамып, кейін ұлыстарға бірікті, ал ұлыстар өз кезегінде ұлттарға айналған. Осымен байланысты ұлттар мен ұлыстар, шын мәнінде екеуіне де ортақ белгілер арқылы сиппатталды.
Ғылыми әдебиеттерден капитализмге дейін этникалық қауымдастық ретінде қалыптасқан ұлт жөнінде көптеген ой-пікірлерді кездестіруге болады.
Көрнекті француз ғалымы Э. Ренан, мысалы, ұлттар орта ғасырдың бас кезінде-ақ, «Рим империясының соңғы кезінде немесе Ұлы Карл империясының ыдырау уақытынан бастап өмір сүреді» - деп есептейді.
Ұлт дегеніміз не? Бұл сауалға жауап бере келе, Э.Ренан ұлтты кайсыбір нәсілге көшіре салуға болмайды деп әділін айтты. Нәсіл «қаны бір туыстықты» танытады, ал ұлт бірлесіп өмір сүру процесінде және әртүрлі нәсіл өкілдерінің «араласуында» қалыптасады. «Ең үлкен елдерде - Англия, Франция, Германия — бұларда қан көп араласқан». Бұл елдердің ұлтын тек осы жағдай ғана сипаттай алады. Бүкіл өкілдері тек қана бір нәсілге жататын ұлт болмайды.
Жоғарыда баяндалған жағдайларды қорытындылайтын болсақ, онда ұлт дегеніміз — бұл адамдардың шығу тегінің, тілінің, орналасу аумағының, экономикалық жағынан қалыптасуының, сонымен қатар онын этникалық санасы мен сана-сезімінің ортақ көрінісінің жиынтығы, яғни психологиялық құрылымы мен мәдениетінің ортақтығы арқылы сипатталатын адамдардың ерекше қауымдастығы.
«Ұлт» ұғымына келетін болсақ, ол белгілі бір аумақта шоғырланып өмір сүретін түтас ұлттың этникалық белгілерін ғана айқындап қоймайды, сонымен қатар олар қай жерде тұрса да, соның ішінде өзге халықтардың және мемлекеттердің аумағыңда өмір сүрсе де, солардың қай ұлттың өкілі екендігін білдіреді. Ұлттар арасында осылайша қарым-қатынастар орнайды.
Ұлттық қатынастар бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың синтезі.
Ұлттық қатынастар әр түрлі деңгейде, яғни мемлекет аралық және мемлекет ішінде, ұлт ішінде және ұлтаралык, қоғамдық және тұлғалық денгейлерде жалғасып жатады.
Ұлт мәселесі ұлттық катынастардың негізі болып табылады және ол ұлттық қатынастардың күйі мен сипатын анықтайды. Қайсыбір этностың өмір сүру жағдайына, олардын бір-біріне сәйкес келу деңгейіне орай ұлттық қатынастар ұлттық мәселенің қалай шешім тапқандығының денгейін көрсетеді.
Ұлттық қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыстардың тізбегі, қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде өмір сүреді. Сонымен қатар, ұлтгық қатынастардың өзі де бірнеше элементтерден тұратын жүйе болып саналады. Ұлттык қатынастар қоғамның тіршілік етіп, әрекет жасауының бүкіл саласын: мәдениет, саясат, ғылым, тұрмыс, отбасы, экономика және т.с.с. қамтиды.
Өзінің этникалық сипаттары мен шығу тегі бойынша ерекшеленетін, содан бастау алып, ертедегі тарихи және қазір өмір сүріп отырған отанындағы тіл, мәдениет, этникалык, сана мен т.с.с. өзгешеліктермен аяқталатын даму сатылары, ұлттардың (этностардың, халықтың) өмір сүру дағдылары ұлттық қатынастардың пайда болуы мен дамуының объективті алғышарттары болып табылады.
Дегенмен де ұлттық қатынастар таза күйінде, басқа қоғамдық катынастардан бөлек өмір сүре алмайды. Керісінше, олар осы қатынастарда, сонын ішінде саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық қатынастарда қосарласады және бұл ерекшелік қатынастардың мазмұны мен формасынан байқалады. Тағы бір айта кететін жай, бүкіл осы қатынастар егерде оларды жүзеге асыру процесінде қайсыбір халықтардың өмір сүру барысындағы этникалық проблемалары дұрыс шешілетін болса немесе экономикалық, саяси және өзге де мәселелер ұлттық-этникалық проблемалар деңгейінде ғана жүзеге асырылса ғана ұлттық сипатқа ие бола алады. Бір сөзбен айтсақ, ұлт өмірінің әлеуметтік және этникалық жақтары мен ұлттық қатнастар органикалық тұрғыда өзара байланыста болады.
Ұлттық қатынастар, әдетте, кешенді сипатқа ие болады, өйткені ол халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың көптеген жақтарын реттеуге қатысады.
Ұлтаралық қатынастар экономикалық, саяси, тілдік, мәдениет, экологиялық және басқа да ұлттар арасындағы қатынастар түрінде көрінуі мүмкін. Ұлтаралық қатынастардың осындай әрбір көрінісінің өзіндік ерекшелікті мазмұны бар. Солардың кейбіреуінің қысқаша сипаттамасына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |