Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Экономикалық ұлтаралық қатынастар



бет63/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Экономикалық ұлтаралық қатынастар ұлттың (халықтың, этностың) экономикалық кажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

  • Көп ұлтты мемлекетте ең алдымен саяси өкімет билігін жүзеге асыруға және өз өмірлерінің маңызды мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуге барлық халықтың (ұлттың) қатысуын саяси ұлтаралық қатынастар дейміз.

  • Саяси ұлттаралық қатынастар, сонымен бірге, әр түрлі ұлт өкілдерінің азаматтық кұқықтары мен бостандығын жүзеге асыруға бағытгалған. Түптеп келгенде, ұлттық саяси қатынастар өз рөлін халыктардың мемлекетаралық қатынастар деңгейінде атқарады.

  • Ұлттардың рухани тыныс-тіршілігі саласындағы ұлтаралық қатынастар әр ұлттың өмірі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Рухани-мәдениет саласын алып қарастырсақ, бұлар халықтардың өзара жетіліп, толысуына әрі олардын ұлттық төл ерекшеліктерін сақтау мен дамытуға бағытталған. 

  • Әлде бір өңірде ықылым заманан бастап тұрып жатқан қайсыбір халықтардың сол аймақтағы табиғатты корғауға ден қоюына орай ұлттар арасындағы экологиялық қатынастар пайда болады. Бұл тек табиғатты қорғаумен ғана шектелмейді, табиғи ресурстарды ұдайы ұлғайтып, көбейтуді, соның ішінде жер, орман, су және т.б. ұдайы молайтып, сақтауды талап етеді.

    Ұлттық, этникалық қатынастар кез-келген қайсыбір этностардың өмірге қажетті мүдделерін жузеге асыруға бағытталған. Олардың өздері де осы мүдделердің тууына себепкер болады. 
    3. Ұлт мәселесі – нақты тарихи құбылыс, өйткені қоғам дамуының әрбір кезеңінде ұлт мәселесі белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси мазмұнға ие болып келді. Ұлт мәселесі бір ұлттың екінші ұлтты қанауын жоюды, ұлттық бостандық үшін күресіп, оны жеңіп алуды, әлдебір себептермен бөлініп кеткен этностың қайта қосылуын қарастырады
    Ұлт мәселесі кең ауқымдағы ұғым. Олай дейтініміз, жоғарыда айтылғандармен қатар, бір тектес ұлттардың арасында, сонымен қатар ұлттар мен билік жүргізуші өкімет арасында сенімсіздіктің пайда болуы негізінде шиеленіс туындауы мүмкін, әдетте ұлт мөселесі көпұлтты елдерде пайда болады, әрекет етеді.
    Ұлт мәселесі ұлт (халық, этнос) және ұлттық қатынастар дамуының өзара байланысты проблемалары жүйесінен тұрады. Ұлт мәселесі бұл процесті практикада жүзеге асырудың және реттеудің негізгі проблемаларын өзіне қамтиды, бұған аумақ, экология, экономика, саясат, құқық, тіл, мораль-пихология мәселелері кіреді. Ұлт мәселесі өзгеріске түспей қоймайды, оның мазмұны тарихи дәуірдің сипатына және нақты қалыптасқан ұлтаралық қатынастардың мазмұнына байланысты өзгереді. Қазіргі жағдайда ұлт мәселесінің негізгі мазмұны барлық халықтардың еркін және жан-жақты дамуынан, олардың ынтымақтастығын кеңейтуден және ұлттық мүдделерді үйлесімді байланыстырудан тұрады. Қазақстан этникалық құрамы жағынан бірегей мемлекет. Онда тұратын 14 953 126 жалпы халықтың 7 985 039-ы қазақтар, 4 479 618-і орыстар, ал қалған 2 654 811 адам — 100-ден астам аз халықтың өкілдері. Бұлар бірге өмір сүріп, еңбек етеді. Қазақстанның көп этносты мемлекетке айналуының негізін патша өкіметі қалады, одан әрі бұл процесті тездете жүргізген кеңестік тоталитарлық режим болды. Соның салдарынан еліміздің халқының құрылымы үлкен өзгерістерге түсті. Әсіресе, екінші дүнижүзілік соғысқа дейін, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан жеріне Қиыр Шығыстан 102 мың кәріс, Батыс шекарадан 105 мың поляк, Еділ бойынан 400 мың неміс, 2000 қалмақ пен 30 мың қарашайлар, 18 мың Қырым татарлары мен болгарлар, 310 мың шешендер, 79 мың ингуштер, сонымен қатар мыңдаған гректер, күрттер, түріктер, грузин месхеттері, 900 тәжік басмашысы күштеп Қазақстанға қоныс аударылуы халық құрамын өзгертуге зор ықпал етті.
    Нәтижесінде республика халқының саны 1 миллионнан астам адамға артты. Осы қоныстандыру арқылы өкімет ұлтаралық қарым-қатынасты бірнеше бағытта жүзеге асыра бастады:
    - сырттан әкелінген халықтар есебінен жергілікті халықты сандық
    жағынан азшылық халыққа айналдыру көзделді;
    - атамекенінде бірыңғай тұрып келген аталмыш халықтарды Қазақстанға және т.б. жерлерге шашырата қоныстандыру арқылы оларды аз халықтар құрамына айналдыру процесі жүргізілді;
    - саны жағынан аз болғандықтан бұл халықтар ірі халықтармен ассимиляцияға түсіп жойылады деген сенімде болды. Бұл жерде мәжбүр ету жолы қолданылды. Олардың ана тілінде мектептер және т.б. ашылмауы соған дәлел. Кейбір аз халықтар өз төл мәдениетінен айырыла бастады
    Қазіргі Қазақстан Республикасында КСРО кезіндегі осындай ұлттар тұрып жатыр. Бұл занды процесс, бірақ олардың сандық және сапалық жағынан көрсеткіштері өзгерген. 1989 жылы халық санағында украиндықтар қазақстандық бүкіл халықтың 5,4%, немістер 5,8%, татарлар 2,0%, белорустар 1,1%, поляктар 0,4%. шешендер 0,3%, башқұрттар 0,3%, гректер 0,3%, болгарлар 0,1%-ін құраса, 1999 жылы халық санағының нәтижесінде осы халықтар, жоғарыда орналасуына сәйкес, бүкіл халықтың 3,7% , 2,4%, 1,7%, 0,7%, 0,3%, 0,2%, 0,2%, 0,1%, 0,0%-ін құрады. Қазақстанды мекендеген басқа да аз халыктардың сандық көрсеткіштері бұлардан да төмен. Аз халықтардың адамдарының санының күрт төмендеуі олардың тарихи отандарына қоныс аударуымен, басқа жерлерге көшіп-қонуымен, дүниеге нәресте әкелудің азаюымен, тағы да басқа объективтік жағдайлармен байланысты түсіндіріледі. Бұл халықтардың дамуы қазақ халқының оларды өз маңына топтастырушы рөлін дұрыс атқаруына тікелей байланысты.
    Ал аз халықтар өз кезегінде еліміздегі ұлтаралық келісімді қолдап, өтпелі кезендегі және ұзақ мерзімдік саяси тұрақтылықты сақтауда ықылас білдіріп, болашаққа үлкен үмітпен қарайды.
    Республикамызда аз халықтар мүдделерін іске асыру үшін түрлі әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайлар жасалуда. Мұндай жағдайлар олардың сапалық күйін жақсартты. Әсіресе, аз халықтардың мәдени орталығы институттарының құрылуы олардың төл мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін дамытуға үлкен ықпалын тигізіп отыр. Мұндай орталықтардың ең басты жұмысының бағыты - ағарту ісін дұрыс жолға қойып, оны барынша өркендету. Аз халықтардың балалары үшін арнайы бала-бақшалар, мектептер ашылып жұмыс істеуде. Бұл оқу орындарында өз ана тілдерін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Ана тілін білмейтін жастарға қосымша жексенбілік мектептер ашылған. Онда білім берумен қатар, әр түрлі кездесулер, кештер, байқаулар, т.б. шаралар аз халықтар тілінде өткізіледі. Бұл деректер аз халықтардың қазақ тілін меңгерудегі үлесі айтарлықтай, қазақ тілін менгеруді бұл халықтар республикамыздағы ұлтаралық қарым-қатынастарды одан әрі үйлестірудің және нығайтудың бірден-бір алғышарты деп санайтынын көрсетеді.

    11 лекция. Білім және дін әлеуметтанулары




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет