Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет60/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

10.1. Этнос қауымдастығы ұғымы
10.2. Ұлттық – этникалық қатынастар
10.3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселесі

Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әртүрлі этникалық қауымдастықтар өмірінің барлық жақтары бір-бірімен тығыз араласып-құраласып кеткендіктен олардың арасындағы қатынастарды түсіну көбіне-көп қиыншылықтар туғызады және ондағы қарама-қайшылықтарды шешудің жоддарын анықтау қажет болады. Оларда этникалық қауымдастықтардың, немесе этностардың табиғи және әлеуметтік-психологиялық сапалары көрінеді. Осы кұбылыстардың мәнін және оларды бейнелейтін ұғымдардың мәнін ашу, сонымен қатар ұлттық-этникалык қатынастардың және олардың дамуының тарихи тенденцияларының мазмұнын зерделеу, ұлт мәселесінің мазмұнын және оны қазіргі уақытта шешудің жолдарын талдау әлеуметтану ғылымының маңызды мәселелерінің бірі.


Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар көп ұлтты немесе көп тайпалы мемлекеттерде тұрады. Бұл қауымдастықтардың қалыптасуы мен дамуын әлеуметтану ғылымының бір саласы — этноәлеуметтану зерттейді.
Этноәлеуметтану әлеуметтанудың маңызды саласы бола отырып, этностардың генезисін, мәнін, функцияларын, этностардың дамуының және этносаралық (ұлтаралық) қатынастардың жалпы заңдылықтарын қарастырады.
Ол ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік дамуы арқылы байланысқан, яғни өзара байланысқан этникалық және әлеуметтік кұбылыстардың әр түрлі этникалық қауымдастықтардағы этникалық процестердің кешенді мәселелерін зерттейді.
Этноәлеуметтану сөйтіп, мәдениет пен тұрмыстың, құнды бағыт-бағдарлардың, еңбек қызметінің, жүріс-тұрыс тәртібінің, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ұлттық қатынастардың әлеуметтік себептерін ашуға тырысады, ұлттыкқ ерекшеліктері бар кұбылыстар мен процестерді, атап айтқанда, жұмыс-бастылықты, көші-қон жөне еңбек мобильділігін, урбанизацияны, демо-графиялық және әлеуметгік ұдайы жаңғырып, жетілуді анықтайды. Этникалық ерекшелік көріністері мөдениет пен тұрмыста анық байкалатын болғандықтан және ең алдымен отбасы арқылы ұдайы жаңғырыл, жетілетіндіктен этноәлеуметтану төңірегіндегі зерттеулер ең алдымен осы салалар төңірегінде жүргізіледі, яғни нақты этникалық ортаны және ұлтаралық қарым-қатынастардың әр түрлі жағдайларын үнемі естен шығармау қажет.
Этноәлеуметтану терминдерінің негізіне «этнос» (гректің тайпа, халық деген мағына беретін сөзі) ұғымы алынған. Этнос - белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан, мәдени ортақ белгілері мен ерекшеліктері және өзіндік психологиясы бар адамдардың тұракты жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет