Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


-тарау. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері



бет4/102
Дата09.03.2022
өлшемі3,73 Mb.
#134697
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
madeniettanu paninin oku-adistemelik kesheni 2021-2022 zh.zh. (1)

2-тарау. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері


  1. Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мән мәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік- гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

  2. Бағдарламаның міндеттері:

  1. негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;

  2. қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;

  3. заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;

  4. студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;

  5. әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;

  6. сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.

  1. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);

  1. әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;

  2. нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мән мәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;

  3. оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым- қатынастың жағдайын түсіндіру;

  4. әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;

  5. қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;

  6. қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;

  7. нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;

  8. ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;

  9. кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;

  10. түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;

  11. әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет