Сабақ бойынша Тақырыпты негіздеу



бет1/2
Дата24.09.2022
өлшемі21,17 Kb.
#150580
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
kouching-sabay-turaly-refleksivt-esep



Коучинг сабағы туралы рефлексивті есеп
4- күн сабақ бойынша

1. Тақырыпты негіздеу


Коучинг сабағының тақырыбы: Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
Мақсаты: Мұғалімдер зерттеулер мен жетілдірулер арқылы кәсіби дамудың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
Оқыту нәтижесі бойынша мұғалімдер құндылықтар мен басымдықтар жүйесіне қатысты өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.Сыныптағы жағымды атмосфера және ұжымдық сезімнің қалыптасуы үшін ұжымның тәртібі мен ұйымдастырушылығының мәнін бағалайды.
Психологтар "ұстаным" ұғымын адамның іс- әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалім ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім қабылдап , сыныптағы іс- әрекеттерді түсіну көзі болып табылады. Сондықтан да кез- келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының білімі мен ұстанымының , көзқарастарының жиынтығынан тұруы тиіс. МАН 9- бет.
Тақырыпқа байланысты оқыту үдерісін сипаттау.
Коучинг басталысымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында А. Әлімовтың "Қар бұрқасыны" ойыны арқылы қатысушылар бір- біріне бүгінгі күнгі эмоцияларын жазуды сұрандым. Жоспар бойынша бір- біріне комплимент айту болатын бірақ мен жағдайға байланысты эмоцияларын білдіруді жөн көрдім. Себебі, мұғалімнің бәрі қарбалас тірліктен шаршап- шалдыққан. Әрең бас қосып отырмыз. Бұл әдіс өз орнында дөп түсті. Әрқайсысы өздерінің сол сәттегі ішкі эмоцияларын жасырмай жазды. Өзге қатысушының сол эмоцияны дауыстап оқыған сәтте өздерінің еріксіз көңіл - күйлері көтеріліп, иә, сондай деп мақұлдап та қойды. осылайша бүгінгі күнгі сабаққа жұмыла кірісті.
Қатысушылар Ұстаным, Құндылық, Стратегия атауларымен үш топқа бөлініп топқа берілген атау туралы өз білгендерін айтып өтті. Мұғалімнің құндылықтары, ұстанымы, өзгерістер енгізу үшін алдын ала қолданатын стратегиялық іс- әрекеті жайлы "Дипактың оқиғасы" арқылы оқып ой түйді. Дипактың оқиғасынан мұғалімнің құндылығы, ұстанымы, мұғалімнің өзгерістер енгізу үшін алдын ала қолданатын іс - әрекетін мәтіннен пайымдай отырып тапты. Қызу талқыға кірісті.Дипактың тәжірибе жүзінде әрбір жасаған қадамына қызығушылықпен қарады. Әрбір стратегияны қолданып көрудің нәтижесінде тиімділігін байқайтынын аңғарды. Өздерінің алдағы уақыттағы іс - әрекетін де ой елегінен өткізіп болжай бастады. Бұған дәлелді мен мұғалімдерден алған кері байланыс нәтижесінде зерделедім.
Мұғалімнің құндылықтары мен міндеттерін анықтауды топ мүшелерін үш адамнан топқа біріктірілді. Бірлесе отырып, шағын топтағы пікірталас арқылы өздерінің кәсіби құндылықтары мен міндеттерін талдады. А- сұрақ қоюшы, Б- жауап беруші, С жауаптары туралы ескертулер жазады. Бірлесе отырып, шағын топтағы пікірталас арқылы өздерінің кәсіби құндылықтары мен міндеттерін талдады. Мұғалімдер бұл сұрақ -жауапқа белсене қатысты. Өз сөздерін жүйеледі. Әсіресе айтқан жауаптарына сыни сарапшыдан ескерту алмауға әрекет жасады. Шындығында сұраққа әділ нақты жауап беріп, қызықты тиімді ескертулер де алып жатты.
Құндылықтар, ұстанымдар және тиісті стратегиялық іс- әрекеттері жайлы идеяларын дамыту үшін Дипактың оқиғасы сияқты өзіне не қажет екенін, қандай өзгеріс енгізгісі келетіні, және оны қалай енгізе алатыны туралы ойларын жазып өз сөзімен де жеткізді. Сабақ соңында білімнің қаншалықты меңгерілгенін байқау үшін социометрия әдісін пайдаландым. Қатысушылар бұл әдіс арқылы өз бойындағы құдылықтарды анықтады. Сократтық әдіс бойынша Ішкі шеңбер құндылықтар, сыртқы шеңбер ұстанымдар туралы ойларын айтып өтті.
Екінші сабақ тақырыбы: Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
Мақсаты: Мұғалімдер зерттеулер мен жетілдіру арқылы кәсіби дамудың қажеттілігі туралы ой қорытындылайды.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер құндылықтар мен басымдықтар жүйесіне қатысты өздерінің көзқарастарын дәлелдейді, сыныптағы жағымды атмосфера және ұжымдық сезімнің қалыптасуы үшін ұжымның тәртібі мен ұйымдастырушылығының мәнін бағалайды.
Коучинг басында мұғалімдердің зейінін шоғырландыру мақсатында "Бір тұтас ой" әдісін пайдаландым. Мұғалімдер өз сыныбындағы эмоциялық – психологиялық ахуал бойынша ойларын жазады.
Оқу мәдениеті сіздің сыныптағы оқушылардың тәртібіне қалай әсер етеді? Сіздің сыныпта психологиялық ахуал қандай?Ол оқушыға қалай әсер етеді? тақырыбы бойынша сұрақтар төңірегінде ойланып ой толғады.Осы орайда маған 1- сыныптың мұғалімі жас маман Абилова Мөлдірдің сұрақтарға өз тәжірибесінен ала отырып нақты жауап бергені ұнады.
Мұғалімдер оқушыларға қажетсінген салаларда олардың өздеріне деген сенімдерін дамытуға көмектесетін және өздерінің табысты болғанын сезінген салаларда одан әрі ынталандыратын мәселелердің бар екендігі туралы мәлімет алды. Сабақтың бейнеклипін көре отырып, мұғалім мен оқушының сабақтағы сөйлеуіне, жалпы әңгімеге қанша уақыт берелетіні, әңгіме кезінде кімнің рөлі негізгі болып табылатыны, қай кезде мұғалім көп сөйлейтінін, қандай жағдайда әңгіме тек оқушылар арасында жүретінін пайымдады.
Мұғалім мен оқушы өзара әрекеттестігі жөнінде мұғалімдердің іске кірісуінің жоғары деңгейін анықтады. Қатысушылар жақында өткізген бір сабағын талдап, мұғалім мен оқушының, сіздің пікіріңізше , қарым- қатынас белдікте берілген кординаттармен салыстырды.
Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы шетелдік тәжірибені зерделеп, енгізуді қажет етеді, бұл әсіресе XXI ғасыр ұрпағы үшін өзекті мәселе болып табылады.
Сабатың соңында Дипактың оқиғасы сияқты мұғалімдер өз мектебі үшін анағұрлым маңызды мәселе ата- аналар деп тапты, және ол тығырықтан шығудың қолайлы идеяларды анықтады, неліктен олар осындай екенін талқылады.
Білім беруде ескі негіздер мен жаңа негіздер, даралап оқыту, эмоциялық білімдарлық, ақпараттық білімділік, табысты оқу үшін қажетті ептілік керек екенін оқып түсінді. Кері байланыс парақшасы арқылы бүгінгі сабаққа ойларын білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет