Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптық жоспарын, оқыту әдістерін, оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін, пререквизиттері мен постреквизиттерін шолудан басталады.
Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының және білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілікоқу бағдарламасыныңмазмұны осы бағдарламаға қосымшада келтірілген.
Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;