Бағдарламасы биохимия (мамандық бойынша пәннің аталуы)



бет2/9
Дата17.11.2023
өлшемі105,62 Kb.
#191767
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Биохимия

1 Түсіндірме жазба
Осы үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 15-20-қосымшаларына) сәйкес 0103000 «Дене тәрбие және спорт» мамандығы бойынша әзірленген.
Пәннің негізгі мақсаты – тірі ағзалардың химиялық құрамы және олардағы химиялық үрдісі туралы студенттерге биохимия саласы бойынша фундаменталды білім беру.
Пәннің міндеттері:

      • пәнді оқытудың мәні туралы түсінік қалыптастыру;

      • оқушыларды биохимия пәні оқытушылар жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру;

      • оқушыларды тәжірибелік және лабораторлық жұмыстарды өткізу әдістемесімен таныстыру;

      • оқушыларға ағзаның химиялық құрамы, тамақтанудың биохимиялық негіздері, зат алмасудың негізгі көрсеткіштерін анықтау, бұлшықет қызметінің биохимиялық үрдісі жөнінде негізгі білім беру.

«Биохимия» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың мына формалары ұсынылады: дәрістер, семинарлар, экскурсиялар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар.
Оқу материалдары мазмұнының күрделілігі мен ерекшеліктері есебінен оқытудың мынадай әдістері ұсынылады: модулдік оқыту, ситуациялық есептерді шығару, өндірістік ситуацияларды талдау, рөлдік және іскерлік ойындар, ми шабуылы, материалды презентациялау, кіші топтармен жұмыс және т.б.
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың формалары ұсыныс беру сипатта жүргізіледі. Оқу мазмұнын сақтап қалуда тарауларды оқып үйрену үшін бөлінген сағат саны өзгерген болуы мүмкін.
Биологиялық химияны оқып білуі химия, биология, адам анатомиясы, гигиена пәндері бойынша студенттердің біліміне негізделеді.
Осы курстарды зерделеуде алған білімдерін келесі пәндерді оқып білу үшін пайдаланады: педагогика, психология, этнопедагогика, бейнелеу өнері, тарих, химия, спорттық гигиена, спорттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика, жаңа педагогикалық технологиялар.
Осы бағдарлама «Биохимия» пәнінің мазмұны мен дайындық деңгейде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

  • кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;

  • бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);

  • бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген

өзгерістерді енгізуге;

  • жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет