Бағдарламасы бойынша 5В090100-«Kӛлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»


 Дипломалды практиканың бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата08.06.2022
өлшемі237,33 Kb.
#146200
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
kubaeva azgaliev

4. Дипломалды практиканың бағдарламасы
4.1 Дипломалды практиканың жалпы мақсаттары мен міндеттері
Дипломалды практиканың мақсаты -болашақ маманның еңбек қызметіне 
кәсіби дайындығын тексеру және біліктілік жұмысына материалдар жинау 
(дипломдық жоба немесе жұмыс). 
Дипломалды практиканың міндеттері: 
1.Кәсіпорынның инженерлік-техникалық қызметінің жұмыс тәжірибесімен 
және оның қызметкерлерінің функционалдық міндеттерімен танысу. 
2.Кәсіпорын құрылымын білу, оның даму тарихы мен перспективасымен, 
жалпы даму салаларымен танысу, кәсіпорын қызметінің техникалық-
экономикалық кӛрсеткіштеріне талдау жүргізу . 
3. Ӛндірістік қызмет пен кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыруды білу. 
4. Қолданыстағы еңбек заңнамасы мен ҚР ӛндіріс саласындағы нормативтік-
құқықтық базаны оқып білу. 
5. Еңбекті және кәсіпорынды қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмысы 
мен ұйымдастыру тәжірибесін, жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздікті 
ұйымдастыру. 
6. Ӛнертапқыштық және ұтымдылық тәжірибесін үйрену. 
7. Дипломдық жобаны (жұмыс)орындау үшін бастапқы мәліметтер жинақтау. 
 
4.2 Дипломалды практиканы басқару
Диплом алдындағы тәжірибеден ӛту мерзімі мен ұзақтығы ҚР Білім және 
ғылым министрлігінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген 
5В090100 – “Кӛлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасмымалдауды 
ұйымдастыру” мамандығы бойынша тұрпатты оқу жоспарының талаптарымен 
анықталады. Диплом алдындағы тәжірибе күндізгі оқу формасының 
студенттері үшін 8 семестрде жүргізіледі, оның кӛлемі 4 кредитті құрайды, ал 
күнтізбелік ұзақтығы – 10 апта.
Практикадан ӛту орнын және оның бағдарламасын жоба жетекшісі 
анықтайды, ол дипломалды практиканың жетекшісі бола алады. Сонымен қатар 
практиканың жетекшісі болып студент практикадан ӛтіп жатқан ӛндірістік 
ұйымның ӛкілі бола алады, егер дипломдық жұмыстың (жоба) тақырыбы 
ӛндірістің тапсырысы бойынша орындалса немесе жобалық немесе 
тәжірибелік-құрылымдаулық жұмыс жоспарына сәйкес келсе. Басқа 
жағдайларда, егер жобаны орындау кезінде осы ұйымның бағытына сай 


16 
бастапқы материалдарды жинау қажеттілігі туындаса, онда студент 
дипломалды практиканы бір уақытта бірнеше ұйымдардан ӛте алады. 
Кәсіпорыннан, ұйымнан, мекемеден оқуға жолдамалары бар студенттер 
дипломалды практиканы осы ұйымдардан ӛтеді.
Практикаға шықпастан бұрын жоба жетекшісі студентке жобаның 
орындалуы мен практика процесінде айқындалатын дипломдық жобаны 
орындау үшін тапсырма береді.
Тапсырмада жобаның тақырыбы, студенттің және барлық кеңесшілердің 
тегі кӛрсетіледі. Студент жетекшісімен бірге жобаға керек мәліметтер тізімі 
мен оның орындалуына күнтізбелі жоспар құрады. Бұл тапсырманың сәйкес 
бӛлімдерінде кӛрсетіледі. Тапсырманы орындағаннан кейін оған студент, жоба 
жетекшісі қол қойып, кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Бұдан басқа студент 
кафедрадан ӛндірістік ұйымның жетекшісіне жолданған жазбаша түрдегі 
жолдамасын алады және жұмыс күнделігін жүргізеді. Жұмыс күнделігінде 
студент практика орнындағы күнделікті жұмысын қысқаша түрде толтырып 
отырады. Практика аяқталған соң күнделікке ӛндірістік ұйымның ӛкілі қол 
қояды.
Практиканың 
бағдарламасымен 
танысу 
бойынша 
ұйымдастыру 
жиналысының ӛткізілу тәртібі, барлық түрлі инструктаждарды және 
құжаттамаларды алу ӛндірістік практикадағыдай ӛткізіледі. 
Практикадан ӛту кезеңінде студент қажеттілігіне қарай жетекшімен 
кездесіп, жасалған жұмыс туралы және жинаған материалдары туралы есеп 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет