4
1 Практиканың жалпы мақсаттары мен міндеттері
Практика кешені – мамандарды дайындаудағы ажырамас бӛлім, оқу-
тәрбие процесінің бірыңғай және ӛзіндік түрі. Кәсіптік дайындаудың басты
мақсаты - студенттердің қоғамдық, жалпы ғылыми, жалпы инженерлік және
кәсіптік жағдайдағы арнайы пәндерден алған білімдерін қолдануға үйрету және
олардың бастапқы инженерлік қызмет дағдыларын қалыптастыру.
Бұл бағдарламаның ерекшелігі - мамандарды дайындауда біліктілік
сипаттамасына сай және практикалардың ӛту шараларына байланысты ӛзара
қарым-қатынасымен қамтамасыз ететін барлық практика түрлерінің
мақсаттылығы болып табылады. Барлық практикалардың мақсаты -
студентердің университеттің оқу процестерінде алған кәсіптік практикалық
біліктіліктерін, кәсіптік білімдерін меңгеру, кәсіптік тәжірибені жинақтап
жетілдіру, кәсіптік және ұйымдастырушылық жұмыстары бойынша
тәжірибелерін қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кезде 5В090100 – «Кӛлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен
тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының типтік оқу жоспарының негізінде
бакалаврларды кәсіптік дайындауда практиканың 3 түрі қарастырылған: оқу,
ӛндірістік және дипломалды практика.
Оқу практикасы студенттерді еңбекке баулудың алғашқы звеносы болып
табылады. 1-курс студенттері тасымал процесінің негіздері, жүк қозғалысын
ұйымдастыру және кӛлікті пайдалану сияқты пәндерден оқу практикасынан
ӛтеді.
Ӛндірістік практика - 3-ші курста, ӛндіріс орнында, болашақ дипломдық
жобаның жетекшілерінің ішінен оқытушының және студент жіберілетін
мекеменің жұмысшыларының жетекшілік етуімен ӛткізіледі.
Дипломалды практика – мамандарды дайындап қорытындылау
этапындағы ӛндірістік практиканың ерекше түрі болып табылады. Дипломалды
практиканың мазмұны дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбымен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: