Бағдарламасы бойынша 5В090100-«Kӛлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата08.06.2022
өлшемі237,33 Kb.
#146200
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
kubaeva azgaliev

 
2 Оқу практиканың бағдарламасы
2.1 Оқу практиканың жалпы мақсаттары мен міндеттері
Оқу практикасының мақсаты студенттерге автокӛлік қозғалысының 
теориясы туралы түсінік беру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
кезінде практикалық тапсырмаларды шешу үшін әдет - ғұрпын қалыптастыру 
болып табылады. 
Сонымен қатар оқу практикасының мақсаты кӛлік құралдарының 
қондырғылары мен негізгі механизмдерінің әрекетін, жол қозғалысының 
ережесін, жол қозғалысы саласындағы заңдылықтардың негізін зерттеу болып 
табылады.
Практиканың тапсырмасы болып саналады: 
- кӛлік құралдарын пайдалану ережесімен, жол қозғалысының ережесінің 
бұзылуы кезінде жауапкершілік түрлерімен таныстыру; 



- кӛлік құралдарын пайдалану және олардың одан әрі қозғалысын шектеу 
кезіндегі жағдайлар мен кемшіліктердің түрлерімен танысу; 
- ЖКО кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық кӛмек кӛрсету 
әрекетінің салдарымен және түрлерімен таныстыру; 
- техникалық қызмет кӛрсету және жол жүрер алдындағы кӛлік 
құралдарының бақылау тексерісінің орындалу ретімен таныстыру.
 
 
2.2 Оқу практикасын басқару
Оқу практикасының ӛту ұзақтығы мен мерзімі ҚР Мемлекеттік жалпы білім 
беру стандартының талаптарына сай 5В090100 – «Кӛлікті пайдалану және жүк 
қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының оқу жұмыс 
жоспары бойынша анықталынады. Күндізгі оқу бӛлімінің студенттері үшін 
практика екінші семестрде ӛткізіледі. Оқу практикасының кӛлемі екі кредитті 
құрайды, күнтізбелі ұзақтығы – 1 апта (2 семестр).
Оқу практикасы университеттің оқу-ӛндірістік зертханаларында, сонымен 
қатар автокӛлік кәсіпорындарында және жол-пайдалану ұйымдарында
ӛткізіледі. Оқу практикасының жетекшісі болып университеттің кафедра 
оқытушысы болып табылады, студент сол уақытта практиканы кәсіпорыннан 
ӛткен жағдайда жетекші ӛндіріс орнынан тағайындалады.
Студенттер оқу практикасын университет зертханаларында немесе 
студенттердің оқу практикасын кәсіпорыннан ӛтердің алдында практикаға 
жауапты кафедра оқытушысы міндетті түрде оларға ұйымдастыру жиналысын 
және еңбекті қорғау бойынша алғашқы инструктаж ӛткізеді. Оқытушы 
студенттерді оқу практикасының бағдарламасымен, оны ұйымдастыру тәртібі 
мен орындалуын бақылаумен, есеп және бағалау формаларымен таныстырады. 
Оқу практикасын кафедра зертханаларында ӛткен кезде студенттердің 
әрқайсысы тӛмендегі зертханалық тақырыптарды зерделейді және осы 
бойынша есеп жазу үшін лабораториялық жұмыстар циклын, олардың буынға 
бӛлуін орындайды.
Оқу практикасы соңында студент қорытынды есебін жазып, оны 
практиканың ӛтуіне жауапты оқытушылардан құралған комиссия алдында 
қорғайды.
Практиканы кәсіпорыннан ӛту кезінде студент кафедрадан ӛндірістік 
ұйымның басшысына бағытталған практикаға жазбаша жолдама алады және 
күнделік жүргізеді. Студент жұмыс күнделігінде практика орнындағы 
күнделікті қызметін қысқаша түрде толтырады. Практика аяқталған соң, 
практика күнделігіне ӛндірістік ұйымның ӛкілі қол қояды. Практикадан ӛту 
кезеңінде студент қажеттілікке қарай, университеттегі практика жетекшісіне 
барып, жасалған жұмыстар мен олардың нәтижелері туралы талқылап, есеп 
тапсырады. Оқу практикасы бойынша сынақты тапсыру үшін студент практика 
аяқталысымен толтырылған жұмыс күнделігін және практика кезінде есеп 
түрінде толтырылып жиналған материалдарды тапсырып, содан соң кафедра 
бойынша тағайындалған ӛкіммен оқытушылардан құралған комиссия алдында 
қорғайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет