Бағдарламасы бойынша 5В090100-«Kӛлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»


 Ӛндірістік практиканың бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата08.06.2022
өлшемі237,33 Kb.
#146200
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
kubaeva azgaliev

3 Ӛндірістік практиканың бағдарламасы
3.1 Ӛндірістік практиканың жалпы мақсаттары мен міндеттері
Практиканың мақсаты болып тасымал процесін, қозғалысты ұйымдастыру 
және кӛлікті пайдалануды тереңдете оқыту, жалпы кәсіби пәндерді оқыту 
кезінде алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту, кәсіпорындағы 
инженер-техник қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін, экономикалық 
сұрақтар және ӛндірісті жоспарлау мен ұйымдастыру сұрақтарын үйрену болып 
табылады. 
Сондай-ақ ӛндірістік практика студенттердің жұмыс процесіне жекелей 
қатысуы арқылы ӛндірістік тәжірибені игеруге бағытталған. 
Практиканың міндеттері: 
1.
Автокӛлік қызметінің, жол ұйымдарының негізгі бағыттарымен, жүк 
және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәжірибесімен, олардың 
жұмысының жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы кӛрсеткіштерімен танысу. 
2.
Инженерлік-техникалық қызметті ұйымдастыру тәжірибесін үйрену 
және тиімді пайдалануды ұйымдастыруда, автокӛлік паркіне техникалық 
қызмет кӛрсету және жӛндеуде, сонымен қатар автокӛлік тасымалының 
технологиясы, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру, техниканы 
сақтауды ұйымдастыруда практикалық білім алу. 
3.
Автокӛлік және жол кәсіпорындарының ӛндірістік-қаржылық 
қызметтерін үйрену, жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау, техникалық 
қызмет кӛрсету, оперативті есеп және автокӛлік пен жол техникасын 



қолдануды талдау, жүк және жолаушылар тасымалын жоспарлау салалары 
бойынша терең білім алу. 
4.
Зертханалық-тәжірибелік сабақтарында алынған білімін және 
теориялық білімін бекіту, жол қозғалысының қауіпсіздігі және ұйымдастыру 
саласында инженерлік-техникалық және ұйымдастыру ғұрыптарын алу, 
техникалық кӛзқарасын кеңейту.
5.
Нарықтық шаруашылық жүргізу шарттарында автомобиль кӛлігі 
кәсіпорындарын басқарудың ұйымдасқан құрылымымен танысу. Инженер-
техник қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен олардың жұмыстарының 
ұйымдастырылуымен танысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет