Бағдарламасы бойынша 5В090100-«Kӛлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»


  3.3 Ӛндірістік практиканың бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата08.06.2022
өлшемі237,33 Kb.
#146200
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
kubaeva azgaliev

 


10 
3.3 Ӛндірістік практиканың бағдарламасы
Ӛндірістік практикадан ӛту кезінде студенттер атқаратын лауазымының 
міндеттерін орындайды және практиканың міндеттеріне сәйкес білімдерін мен 
дағдыларын келесі бағыттар бойынша қалыптастыру керек:
автокӛлік кәсіпорындары немесе кәсіпорынның автокӛлік бӛлімшелері 
үшін:
1. Кәсіпорынды басқару құрылымы. Кәсіпорынның ӛндірістік қызметінің 
негізгі бағыттары. Кәсіпорынның бизнес жоспарының немесе ӛндірістік-
қаржылық жоспарының негізгі бӛлімдері.
Тапсырма. Басқарушылық шешім қабылдау және болжау мақсатында 
кәсіпорынның ӛндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасау, 
кәсіпорын және оның бӛлімшелерінің бизнес-жоспарын дайындауды үйрену, 
сонымен қатар автотасымалдауды жедел бақылауды жүзеге асырудың 
әдістемесін меңгеруге және автокӛлік кәсіпорындарының қызметінің 
қорытындысын шығару.
2. Жүк және жолаушы тасымалын жоспарлау. Тасымалды басқару. 
Пайдалану қызметі және тасымалды автоматтандырылған басқару жүйесі. 
Тасымалды диспетчерлік басқару. Сызықтармен жұмысты басқару.
Тапсырма. Жылжымалы құрам жұмысын ӛндірістік жоспарлау әдістемесін 
меңгеру, құрылымын және жүк және жолаушы тасымалын жедел басқарудың 
негізгі әдістерін, кәсіпорынның диспетчерлік қызметі жұмысының әдістемесін, 
мәнін, ұйымдастыру формаларын үйрену.
3. Жылжымалы жүк құрамын таңдау. Жүк тасымалының технологиясы. 
Автокӛлікті жұмыста пайдалануды талдау, ӛнімділік, жанармай шығыны – 
талдау нәтижелері бойынша қорытынды. Автокӛлік жұмысының есебін 
ұйымдастыру.
Тапсырма. Ӛндірістегі түрлі жүктерді тасымалдау технологияларының 
қолданылуын және осы жылжымалы жүк үшін іріктеу әдістемесін үйрену, 
автокӛлік паркін қолданудың сапалы кӛрсеткіштерін талдау және автокӛлік 
жұмысының есебін ұйымдастыруды меңгеру.
5. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы. Жүк 
тиеу-түсіру пункттерінің сипаттамасы, жүк тиеу-түсіру тәсілдері. 
Тапсырма. 
Кәсіпорындардағы 
жүк 
тиеу-түсіру 
жұмыстарының 
технологиясы мен ұйымдастырылуын үйрену, осы кезде қолданылатын жүк 
тиеу-түсіру техникалық тәсілдерін, сипаттамасын, жұмыс кӛрсеткіштері мен 
жүк тиеу-түсіру пункттерінің жұмысының үйлестірілуін үйрену. 
6. Жолаушылар тасымалы. Жылжымалы құрам мен желілік ғимарат. 
Маршрутты жүйені ұйымдастыру. Қалалық қатынаста жолаушылардың 
маршрутты тасымалын ұйымдастыру және технологиясы. Қалааралық және 
халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және 
технологиясы. Жеңіл автокӛлікпен (таксомоторлы тасымалдау) тасымалдауды 
ұйымдастыру және технологиясы. Жолаушыларға қызмет кӛрсету сапасы. 
Жолақысын тӛлеу және жүк алып ӛту. 
Тапсырма. Қалалық, қалааралық және халықаралық қатынастарда 
жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды және технологиясын үйрену, осы 


11 
кезде қолданылатын жылжымалы құрам мен оны іріктеу әдістемесін үйрену. 
Желілік ғимараттармен (автопавильон, жолаушы бекеттері, автобекет), 
жылжымалы құрамның жабдықтары мен жабдықтаумен және желілік 
ғимараттармен, жарнамамен танысу. Басқарудың негіздерімен, жолаушылар 
тасымалының нормативімен және кӛрсеткіштерімен танысу.
7. Автокӛлік кәсіпорындарына техникалық қызмет кӛрсету. Барлық түрдегі 
автокӛліктерге техникалық қызмет кӛрсету. Техникалық қызмет кӛрсетуді 
жүргізуді ұйымдастыру. Техникалық қызмет кӛрсетуді жүргізудің есебі мен 
бақылау. Техниканы сақтауды ұйымдастыру. Автокӛлікті жүргізушіге бекіту. 
Автокӛліктерді сақтауға қою. 
Тапсырма. Кәсіпорынның жылжымалы құрамын жӛндеу және техникалық 
қызмет кӛрсету технологиясын және ұйымдастыруды, осы кезде қолданылатын 
материалдық-техникалық базасын білу, үйрену. Кәсіпорында қолданылатын 
техникалық қызмет кӛрсетуді жоспарлау әдістемесімен және кӛлік құралдарын 
жӛндеу, оның сақталуын ұйымдастырумен танысу. 
8. 
Кәсіпорынның 
инженерлік-техникалық 
қызметінің 
лауазымдық 
міндеттері. Инженерлік қызметтің жоспарлы және есептеме құжаттамалары. 
Тапсырма. Түрлі бӛлімшелердегі инженерлік-техникалық қызметкерлердің 
лауазымдық нұсқаулықтарымен және кәсіпорында туындаған нақты 
функционалдық міндеттерімен танысу және оқып білу. Инженерлік-техникалық 
қызметтің жұмыс тәжірибесін, жоспарлы және есептеме құжаттамаларын 
жүргізу тәртібін үйрену.
9. Автокӛлік кәсіпорындарына жаңа технологиялардың енгізілуі. 
Тапсырма. Кәсіпорындағы нарық жағдайындағы баға белгіленімі 
мәселелерін білу; күрделі қаржы жұмсалымының, сонымен қатар шетелдік 
инвестицияның негізгі бағыттары мен кӛлемі, автокӛлік кәсіпорындарын 
несиелендіру; несие кӛздері, рәсімдеу тәртібі, лизинг; автокӛлікті және мүлікті 
сақтандыруды ұйымдастыру, салық салу; жүргізушілердің медициналық 
тексеруден ӛтуін ұйымдастыру; ҚР заңнамалараның жаңа талаптары негізінде 
жыл сайынғы техникалық байқауды ұйымдастыру; автокӛлік кәсіпорыны 
сервисі: 
материалдық-техникалық 
қамсыздандыру 
арнасы 
(орталықтандырылған немесе нарықтың ішкі құрылымының элементтері 
арқылы: сауда үйлері, кӛлікті жалға беру пункттері, ӛндірістік-техникалық 
тағайындалған тауарлар аукционы мен арнайы жәрмеңкесі); маркетингіні 
ұйымдастыру: маркетингілік қызметті құру, марткетингіні зерттеуші-
кеңесшінің қызметіне жүгіну, нарықтық ақпаратты жинау және талдау, 
жарнама қызметі, жарнаманы тарату тәсілдері, нарықты, стратегияны, 
маркетинг жоспары мен тұжырымдамасын оқып білу; автокӛлік қызметінің 
нарығының тең құқылы субъектісі сияқты кәсіпорын орны; басқа мемлекетпен 
және кәсіпорындармен ӛзара қарым-қатынас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет