Бағалау – оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың шығармашылық бағыт-тағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсіл. Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін әр түрлі сапалық және сандық бағалау түрлері, құралдары, әдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде іске асыры-лады. Ол тек оқудың соңғы оқу нәтижесін қорытындылауда ғана емес, сонымен бірге оқу және оқыту үдерісімен толықтай және үздіксіз бірге жүріп отырады. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз бай-ланысты және оқыту әдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу және оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын және үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады. Тұжырымдап айтқанда, баға-лау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Сондықтан бағалау оқу бағдарламасы, мақса-ты, оқу мазмұны және әдістемелерімен тығыз байланысты болуы керек. Критериалды бағалау дегеніміз не? Критериалды бағалау – бастауыш білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, білім алушылардың оқу-танымдық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, айқын анықталған, ұжыммен әзірленген, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (білім алушыларға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-ана мен басқа да заңды өкілдеріне) алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз? Оқуды бағалау – оқудың өз нәтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне көпшілік көп мән беретін тестілеу әдісі оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. 19 Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі әрекетімізді жоспарлау үшін, өз жұмыстарын жақсарту үшін оларға кері байланыс жасау үшін және оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылау үшін қолдана аламыз. Әрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың әртүрлі формада (ауызша сауалнама, жазба жұмысы, тәжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, жоба, тест және т. б.) жүзеге асырылады және жиынтық бағалау өткізгенге дейін мұғалім мен білім алушыға оқу процесін түзетуге, ықтимал болатын кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Тоқсан бойы жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауда жұмысты ұйымдастырудың білім алушыға оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарына жету үшін көмек беруге мүмкіндік беретін жеке, жұптық және топтық формалары пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалауда білім алушылар пәндер бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарына жетеді. Кері байланыс – бұл оқу қызметі, студенттердің жетістіктеріне және оқытылуына бірталай әсер ететін, сонымен қатар бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Айтарлықтай, кері байланыс оқушылардың бағалауына үлкен әсер етеді және қуаныш сезімін қозғайды. Әдеттегідей, тиімді кері байланыс: - Оқушыларға керекті мәліметтерді пайдалану қабілеттілігін жақсарту, болашақта дәл осындай жұмыста немесе жағдайда өзін-өзі бағалауды өткізе алуға мүмкіндік береді; - Оқушылардың өзінің жасалған жұмысын жақсарту және де басқаша тәсілмен жұмыс жасау; - Жұмыста кеткен қателерді түзету; Кері байланыс қалыптастырғанда, мұғалімнен оқушының жұмысына мақтанышты, яғни сапалы түсініктемелердің жазылуы маңызды. Көбінесе, оқытудың сапасы кері байланыстың сапасымен тепе-тең болып келеді, себебі мұғалімдер оқыту процесін қаншалықты сапалы жүргізсе, соншалықты кері байланыс та болады. Кері байланыс оқыту процесін жақсартуға және қателердің қайталануын болдырмауға көмектеседі. Оқушылардың көбісі кері 20 байланысты қажет етеді және де мұғалімдер олардың ой-пікірімен келіспеушіліктің пайда болуы дұрыс болып табылады, себебі ол оқушының оқытуды жалғастыруға деген қабілеттілігін көрсетеді. Қалыптастырушы бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі болып табылады. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Мұнда оқушылар сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және белсенді түрде бағалауға қатысуы керек. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Кері байланыстың құралдары: Жазбаша пікірлер Жазбаша пікірлер бірегей кері байланыс болып табылады, ол тексеріс аясында оқушыға нақты ұсыныс ретінде беріледі. Жазбаша пікірлердің жазылуына ұсыныс: - Пікірлер бағалау критерийлеріне тиісті жазылуы қажет. - Пікір жазғанда ең бастысы жұмыстың мықты, яғни жақсы жағынан бастау қажет, ол жұмыстың тек жақсы жақтарын анықтаудан ғана емес, неге және қаншалықты жақсы екендігіне анықтама береді. - Пікір жазғанда оқушының атын қолдансақ, онда ол алда тұрған жұмысқа қуатты әсерін тигізеді; - Жазылу кезінде қандай сала жақсартуды қажет ететінін анықтау және жұмысты жақсартатын анықтамалар мен мысалдар беру. - Көп пікірлер жазылмауы тиіс; - Мүмкіншілігінше «сіздің ойыңыз бұл мәселеге басқа жақтан көрсетті» немесе «Сіз дәлел қолданудан ғажайып жетістіктер көрсеттіңіз» деген мадақтайтын сөлемдер қолдануға болады. Осылайша, жазбаша пікірлер оқушыны жасалған жұмысқа ақпаратпен және алдағы жетілдіру жолын көрсетумен қамтамасыз етуі қажет. Пікірлердің жазбаша түрі көп уақытты қажет етеді, сондықтан да оның басқа түрлерін қолдануға болады. Ауызша кері байланыс Тапсырма немесе критерий үшін ауызша пікір жалпы болып табылады. Көбінесемұғалім қысқа пікірлер береді, жұмысқа тек баға беріліп, алдағы жұмыстың орындалуына ешқандай ұсыныстар берілмейді. Тиімді кері байланыс қамтамасыз ету үшін толықтай пікірлер қолдану қажет. Нұсқа ретінде ауызша кері байланысты қолдануға болады. Ол үшін үш минутқа дейінгі аудио хабарлама мен құжаттарды электронды түрде жіберуге болады. Бұл жағдайда, аудио хабарлама пікір ретінде қабылданады, бұл ауызша хабарламадан неғұрлым жақсы болып есептеледі, себебі бетпе-бет байланысты қажет етеді, аудио хабарлама болса, оқушы аудио хабарламаны тыңдай отырып, құжаттарды қарай алады. Мысалға, VoiceMemo қолданбалы бағдарламасын пайдалануға болады. Жеке кездесу Оқушының көбісі мұғалімнің ол жайлы не ойлатынына үлкен мағына береді, ол туралы бастан кешіреді. Одан басқа олар кері байланыстағы ескертулерді өзінің жеке тұлғасына бағытталған ескертулермен шатастырады. Бұл мәселені шешу үшін оқушыны жеке кездесуге шақырып, сенімді қарым-қатынасқа түсіп, оның жұмысына жазылған пікірлерді көрсету және қызықты мәселені шешу.Оқытушының жеке кездесудегі басты міндеті болып оқушының білім сапасын жақсарту және ұсыныс беру. Жеке кездесулер оқушымен диалог құрастыруға көмектеседі, яғни оқудағы прогресстің жоғарлауына әкеледі. Нәтижелі кері байланыстың ережелері: 1. Пікірлерге нақты критерийлерге сүйене қорытынды шығару. 2. Пікірлердің ішінде жұмыстың нақты аспектілерімен байланысты егжейтегжейліліктер көрсетілуі қажет. 3. Пікір қалдыру алдағы мәселелерді шешудің жолын көрсетуге көмектеседі. 4. Өзінің жұмысын қайтадан қарауға мүмкіндік пайда болады. 5. Кері байланыс максималды нәтижелілікті қажет етеді, яғни өткізілу уақытын талап етуден кешіктірмеу. 6. Тек кері байланыс үшін берілген жаттығуларды қайта-қайта өткізу. 7. Оқушыларға өзінің жұмысын кезең бойынша көрсету. 8. Кері байланыс аясында оқушылар не жасайтынын жазып алу. Қалыптастырушы бағалаудың техникасы Жұмыс кезінде бастауыш сынып мұғалімі қалыптастырушы бағалау техникасын қалай қолдану керек екендігінің маңыздылығын түсінуі қажет. Бұл бағытта жасалған нақты, мақсатты жұмыс оқу процесінде сапалы нәтижеге әкеледі. Тәжірибе және оқу теориясында бүгінгі таңда оқушымен жұмыс жасауға бағытталған көптеген қалыптастырушы бағалау техникалары бар. Бізге ең қызықты болып көрінген Натали Регьенің (2012) техникасын мысал ретінде көрсетейік. Қалыптастырушы бағалау қандай жағдайда қолданылады? Қалыптастырушы бағалау әрбір сабақта және оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылады. Олар оқыту процессімен тығыз байланысты және де оқушы нәтижесінде не білетінін және не білу керек екендігін анықтауға бағытталған. Бұл техниканы оқыту процесінде қолдана отырып, алынған ақпараттар оқыту процесіне өзгерістер енгізуге және оқушының нәтижелілігін жақсартуға көмектеседі. Мұғалім оқыту процесіне лайықты техниканы қолданғанда нұсқауларды өзгертуге және бейімдеуге құқысы бар. Қалыптастырушы бағалаудың техникасы не үшін қолданылады? Қалыптастырушы бағалаудың техникасы әр оқушының нәтижесін қадағалауға және алдағы оқыту процесіне өзгертулер енгізуге көмектеседі. Техникалардың арқасында мұғалім оқушылардың оқу процесінде олардың деңгейін анықтауға, оқыту процесінің нәтижелілігін қадағала отырып, қандай өзгертулерді қажет ететінін көрсетеді. Оқушылар оқытудың мақсатына сәйкес үлгеріп және дамып жатса, онда мұғалім ағымдағы оқыту тәжірибесін жалғастырады. Егер де оқушылар болжамдағандай оқыту мақсатына жетілмесе, онда ойдағыдай нәтижеге келу үшін мұғалімнің оқыту жоспарын өзгертуге тура келеді.