Сабақ жоспары №1
САБАҚ: геометрия
|
Мектеп: Зәки Ғубайдуллин ат.ЖОМ, Көксағыз ауылы, Түлкібас ауданы, ОҚО
|
Күні: 3.09.2016ж
|
Мұғалімнің есімі: Серсенбаева Канзада Серикбаевна
|
СЫНЫП: 9
|
Қатысқандар саны: 21
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Тақырыбы
| |
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Төртбұрыштар анықтамасы мен түрлерін, белгілерін біледі
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Төртбұрыштар қасиеттерін, бұрыштарын есептеуді біледі
|
Кейбір оқушылар:
|
|
Төртбұрыштар қасиеттерін дәлелдеуді біледі
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Төртбұрыштарды анықтамасы бойынша салады, түрлерін ажыратады, белгілерін айта алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Төртбұрыш-четыреугольник-quadrangle, параллелограмм- параллелограмм- parallelogram, тік төртбұрыш-прямоугольник- rectangle, ромб-ромб- rhombus, шаршы-квадрат- square, трапеция-трапеция- trapezoid
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Төртбұрыштарды бізді қоршаған ортадан, күнделікті тұрмыстан кездестірдіңдер ме?
Төртбұрыштардың өмірде, қандай салада көп қолданатынын білдіңдер?
|
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
|
Параллелограмм, тік төртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция төртбұрыш болып табылатындығының себебі неде?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Төртбұрыштар түрлерін салады, белгілейді. Периметрі мен аудан формуласын жазады.
|
Алдыңғы тақырып
|
8-сынып геометрия курсы материалдарын қайталау
Төртбұрыштар анықтамасы мен түрлері?
Төртбұрыштар қасиеттері?
Төртбұрыштар бұрыштарын қалай есептейді?
Төртбұрыштар периметрі мен ауданын қалай есептейді?
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
|
Ресурстар
|
Басталуы
3 мин
2 мин
|
Жағымды ахуал қалыптастыру, ой шақыру
Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жаңа оқу жылының басталуына байланысты тілек айтады.
Оқушылар түрлі-түсті қағаздан жасалған төртбұрыштарды қалаулары бойынша ала отырып, бес топқа бөлінеді: «Тік төртбұрыш», «Ромб», «Шаршы», «Параллелограмм», «Трапеция».
Сабақтың мақсатымен және бағалау критерийлерін таныстырып, әр оқушыға бағалау парағын тарату
|
Түрлі-түсті қағаздан жасалған төртбұрыштар: «Тік төртбұрыш», «Ромб», «Шаршы», «Параллелограмм», «Трапеция».
Бағалау парағы
|
Ортасы
5 мин
5 мин
5 мин
|
Топтық жұмыс
Әр топ өз топтарының атына берілген төртбұрыштардың анықтамасын, қасиетін, белгілерін тұжырымдап, қорғайды.
Жұппен жұмыс
Әр төртбұрышқа тиісті қасиеттердің тұсына «+» таңбасын қоясыздар. Оқушылар бірін-бірі тексеріп, қателерін тауып, дұрыс жауаптарын жазу керек.
Жеке жұмыс
Әр оқушыға жеке тест тапсырмаларын топ басшысы таратып береді.
|
Тақта
Үлестірмелер
Тест
1С 2В 3А 4Д 5В
|
Аяқталуы
7 мин
12 мин
3 мин
1 мин
2 мин
|
Өзіндік жұмыс
Әр топқа 4 нұсқада екі есептен өзіндік жұмыс беріледі.
Қосымша ақпарат
Есептер шығару
№ 6-10, 17-18, 20-21
Бағалау
Әр оқушының бағалау парақшаларына қарап, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
№ 4-5, 11; 4-5 беттер
№ 12-16, 19. Сұрақ құрып келу
Кері байланыс
«Екі жұлдызша, бір тілек». Бүгінгі сабақ туралы оқушылар стикерлерге пікірлерін білдіреді.
|
Үлестірмелер
Оқулық
Бағалау парағы
«5»- 11-12 ұпай
«4»- 8-10 ұпай
«3»- 3-7 ұпай
Оқулық
Стикер
|
Пəнаралық байланыс
Сызу, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
|
Достарыңызбен бөлісу: |