30
ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының
біліктілігін арттыру курстарының білім беру
бағдарламасы бойынша Бағалау нұсқаулығына
5
Қосымша
Тренерге арналған стандарттар
КӘСІБИ БІЛІМ, ТҮСІНІК ПЕН ДАҒДЫЛАР: ОҚЫТУ
Басшылар бағдарламасының тәжірибелі тренері біледі және түсінеді:
•
шектеусіз оқыту үшін инклюзивті, уәжделген, қолайлы жағдай жасауды
•
оқытудың негізі ретінде үйренушілердің тәжірибесін пайдалануды
•
жеке өзінің оқуымен байланыстыра алуы үшін үйренушілерге ақпараттар мен жаңа
идеялар ұсынуды
•
үйренушілердің алдына оқыту міндеттерін қоятын және септігін тигізетін түрлі оқыту
мен оқу стратегияларын пайдалануды
•
қызығушылық, шығармашылық дағдылар мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға
көмектесетін жеке, жұптасып, топпен және бүкіл сыныппен жұмыс істеуге ықпал етуді
КӘСІБИ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Басшылар бағдарламасының тәжірибелі тренері біледі және түсінеді:
•
адамдарды оқуға және өз оқуын өмір бойы жалғастыруға не уәждейді
•
олардың әлеуетін толық ашу үшін үйренушілерден толық берілуді күту неге маңызды
•
кәсіби қызметтің жоғары стандарттарын қабылдау неге маңызды
•
барлық үйренушілермен адал, сыйласымды, өзара сенімді, қолдаушы және сындарлы
•
қатынасты қалай орнатуға болады
•
неге оқу мен оқытудың қағидалары мен теориялары тәжірибені дамыту мен өзгертуге
көмектесе алады
•
бірлік, алуан түрлілік, инклюзивтілік идеяларын қалай ілгері жылжытып, тәжірибеде
қолдануға болады
•
неге кәсіби дамуды жалғастыру маңызды және өзінің оқуы мен басқалардың тәжірибесін
қалай дамытып, жақсартуға болады
•
әріптестермен тиімді ынтымақтастық басқалардың
қызметін дамытып, жақсартуға неге
көмектеседі
•
үйренушілерді олардың әлеуетін толық ашу үшін қалай ынталандыру қажет
•
тренердің тәжірибесі әріптестердің оқуы мен тәжірибесіне қалай әсер ете алады
•
үздіксіз кәсіби дамуда тәжірибені дамыту және өзгерту үшін зерттеуді қалай пайдалануға
болады
КӘСІБИ БІЛІМ, ТҮСІНІК ПЕН ДАҒДЫЛАР: ЖОСПАРЛАУ
Басшылар бағдарламасының тәжірибелі тренері біледі және түсінеді:
•
үйренушілердің қажеттіліктері мен оқу жоспарының талаптарына жауап беретін оқу мен
оқытудың жаңа тәсілдерін енгізетін жүйелі оқыту бағдарламаларын әзірлеуді және
жоспарлауды
•
нақты мақсаттар мен құрылымы бар
сабақтарды жоспарлауды
•
үйренушілерді оқуға уәждейтін және сыни ойлауды дамытуға түрткі болатын
тапсырмалар жоспарлауды
•
оқыту үшін материалдар мен қорларды дайындауды
•
жеке тәжірибені жақсарту және дамыту мақсатында оқу мен оқытуды бағалауды
жоспарлауды және дайындауды
•
үйренушілердің шығармашылық ойлауына ықпал ететін
инновациялық
сабақтарды
жоспарлауды
•
тәжірибені жетілдіру үшін оқу бағдарламасын жасау жөнінде топты басқаруды
31
•
үйренушілердің оқуын мониторингілеуге, қолдауға және сынауға тыңдалым мен
сауалнаманың тиімді әдістерін қолдануды
•
барлық үйренушілер оқыту үдерісіне қатысатындай
етіп жұмыс жағдайы мен
тапсырмаларды басқаруды
•
өздігінен оқуды, жұптасып, топпен, бүкіл сынып пен оқуды басқару, сабақтың
кезеңдерімен үйренушілердің қажеттіліктері ескерілген оқыту үдерісін ұйымдастыруды
•
қорларды, оның ішінде жаңа пайдалы технологияларды оқуды қолдау үшін
пайдалануды
•
қажет жағдайда үйренушілерге қосымша көмек көрсетуді
•
міндеттер қойып,
оқу мен тәжірибені кеңейтуді
•
оқытуды дербестендіру үшін оқу мен оқытудың түрлі әдістерін пайдалануды
•
қызмет пен оқуды жетілдіру үшін үйренушілердің тәлімгері болуды
•
табысты оқыту үшін тиімді инновациялық қызметті жүзеге асыруды
КӘСІБИ БІЛІМ, ТҮСІНІК ПЕН ДАҒДЫЛАР: БАҒАЛАУ
Басшылар бағдарламасының тәжірибелі тренері біледі және түсінеді:
•
үйренушінің оқуын қолдау және мониторинг жасау үшін формативті бағалауды
пайдалануды
•
оқытудағы келесі қадамдарды жоспарлау үшін оқыту үшін бағалау тұжырымдамаларын
пайдалануды
•
олардың оқуын қолдау мақсатында бағалау үдерісіне үйренушілерді кірістіруді (өзара
бағалау және өзін-өзі бағалау)
•
үйренушілердің оқуын қолдау және дамыту мақсатында сындарлы формативті бағалауға
қатысты кері байланыс ұсынуды
•
суммативті баға туралы анық және әділ шешімді
шығару үшін үйренушілердің
портфолио бөлімдерінің таныстырылымының дәлелдерін зерделеуді
•
валидтілік, анықтық және шеткіліктік тұрғыда бағалау әдістерінің сапасын бағалауды
•
үйренушілердің оқуын, өзінің жеке тәжірибесін жақсарту үшін формативті және
суммативті
бағалауды талдауды
•
үйренушілердің оқуының өрлеуінің және бағалау шешімдерінің есебін жүргізуді
үйренушілердің жетістіктеріне мүдделі адамдармен бағалау нәтижелерін талқылауды
•
үйренушілердің үдеріске кірісіп, өздерінің оқуының бағасы үшін жауапкершілікті
бөлісетіндігіне сенімді болуды
•
әріптестердің бағалауын (өзін-өзі және өзара) ілгері жылжытатын және өрлеу мен
оқудың құралы ретінде
Оқыту үшін бағалаудың тапсырмаларын әзірлеуді және жүргізуді
•
статистикалық ақпараттың талдауын қосқанда, бағалау
тәжірибесінің тиімділігін
жақсартуды,
оқу мен
оқытудың тиімділігінің сапасын бағалауды
КӘСІБИ БІЛІМ, ТҮСІНІК ПЕН ДАҒДЫЛАР: Сапаны бағалау
Басшылар бағдарламасының тәжірибелі тренері біледі және түсінеді:
•
үздіксіз негізде түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты талдаудың көмегімен оқыту
бағдарламасының және жеке сабақтың сапасын бағалау
•
түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдаланып жеке оқуы мен тәжірибесінің
сапасын
бағалау және рефлексиялау; оқыту бағдарламасы және үйретушілерді оқытудағы
жеке тәжірибесін кейінгі жақсартуды жоспарлау үшін бағалау нәтижелерін пайдалану
•
стратегиялық жұмыстың құрамдас бөлігі ретінде қызмет сапасын бағалауды әзірлеу
және ілгері жылжыту; бағалаудың жаңа және инновациялық тәжірибелерін дамыту, тарату
үшін зерттеуді пайдалану