Бағдарламасы бойынша жүргізу. Жас нәрестенің іріңді-септикалық аурулары. Жас нәрестенің гемолитикалық ауруы



бет6/6
Дата02.11.2023
өлшемі81 Kb.
#189080
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №4

Жаңа туған нәрестелердегі сепсис
Сепсис- жұқпалы қабыну ошақтарынан микроорганизмдердің қанға гематогенді және лимфогенді жолдармен үздіксіз немесе жиі түсіп тұруына байланысты патологиялық жағдай.
Сепсисті әртүрлі микроорганизмдер қоздыруы мүмкін, бірақ соңғы жылдары жиі кездесетіні стафилококктық инфекция болып жүр. Ұрық пен жаңа туған нәрестеге анасының жүкті кезінде түрлі аурулармен ауыруы қауіпті, себебі ондай жағдайда ұрық иммунитеті нашарлап, құрсақ ішінде, босану жолында ауру жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурулар көбіне кіндік жарасы, кіндіктің қан тамырлары, терінің жарақаттануы, тыныс жолдарының шырышты қабықтары, ас қорыту аппараты, көздің дәнекер қабығы арқылы енеді. Инфекциялар енген жерде дағдылы іріңді қабынулар: омфалит, пиодермия, іріңді қабынулар, конъюктивит және басқалар бел алады.
Жаңа туған нәрестеге сепсис диагнозы клиникалық көріністердің, лабораториялық және бактериологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойылады. Бактериологиялық зерттеулер кезінде патогендік стафилококк терідегі, кіндік жарасындағы, жұтқыншақтағы, мұрындағы іріңдерден, кейбір балаларда қаннан алынып егіледі. Бірақ зерттеудің теріс нәтиже көрсетуі аурудың клиникалық көрінісі болған жағдайда сепсис диагнозын теріске шығармайды.
Сепсис диагностикасында балаға аурудың ертерек жұққанын көрсететін белгілерінің: кіндік бауының кеш түсуінің, кіндіктің ұзақ уақыт сулануының, терідегі іріңді жаралардың, құсудың, дене салмағының нашар қосылуының мәні бар. Сепсистің септицемия түрінде өтуі мейлінше жиі, ал септикопиемия түрінде өтуі өте сирек кездеседі. Сепсис жағдайында температураның көтерілгені байқалады, шала туған балаларда температураның реакциясы нашар байқалады. Ауру өршіген 2-3 аптада белгілері арта түседі: балаларда әлсіздік, гипотония, гипорефлексия байқалады, тері түсі сұрғылт-бозаң тартып, жүрек соғысы әлсіз естіледі. Ауру баланың шамамен жартысы омырау емуі, лоқсу, құсу, диспепсиялық құбылыстар байқалады. Аурудың 2-3аптасында көбінесе бауыр мен талақтың үлкейе түскені байқалады, дене салмағы кеміп, кейбір балаларда дене салмағы тым аз қосуы, терінің сарғаюы болуы мүмкін. Сепсис процесі өтіп жатқан жағдайда бұрынғы ауырған тыныс жолдары ауруларының салдарынан көбінесе пневмонияның бел алуы мүмкін. Ішектердің энтерит және энтероколит түрінде стафилококпен зақымдануы сепсистің асқынуынан болады. Бұл ретте баланың жалпы жағдайы нашарлайды, үсті –үстіне құсып ,іші жиі өтеді, ішек парезі бел алады.Стафилококктық энтероколиттердің асқынуы көбінесе ішек жарасының тесіліп, перитониттің бел алуымен баланың өліміне әкеп соөтырады. Сепсис жағдайында іріңді остеомиелит, абцесстер, флегмона, парапроктит, перитонит,іріңдеткіш пневмония, пиелонефрит, құлақ маңы бездерінің, бауырдың, бүйректің іріңдеуі түрінде асқыну болып, мұның баланың өліміне әкеп соғуы жиі кездеседі. Сепсис кезінде шала болып туған балада гемморагиялық синдром пайда болуы мүмкін.
Сепсис жағдайында шеткі мүшелер қанында нейтрофилезі бар лейкоцитоз байқалады, нейтрофилдік гранулоциттерде улы түйіршіктер байқалады.Шала туған балалардың қанында өзгеріс болмауы мүмкін. Анемияның бел алуы тән, жаңа туған кейбір нәрестенің несебінде біршама альбуминурия мен гематурия пайда болады.
Емдеу: Емдеу мақсаты – қоздырғышқа ықпал ету, баланың қорғану күшін арттыру, зат алмасудың бұзылуын реттеу, бастапқы және жайылған іріңді ошақтарды емдеу. Ертерек және ұзақ емделу керек. Бактерияға қарсы әсер ететін антибиотиктер: метициллин, ампициллин, оксациллин т.б. Стафилококктардың көптеген штаммалары пенициллинге шыдамды келеді. Антибиотиктермен емдеу 7-8 күннен тұрақты клиникалық жақсаруға дейін үздіксіз кезектестіріліп отыратын курс түрінде жүргізіледі.Кандидамикоздардан, дисбактериоздан сақтану үшін бактерияға қарсы терапияны нистатинмен немесе леворинмен, мексаформмен,бифидумбактеринмен ұштастырылып отыру ұсынылады. Шала туған балалардың қаны күрт азайған жағдайда қан құю керек. Стафилококктық анатоксин арқылы иммундандырылған донордан қанды тікелей құю мейлінше тиімді. Қан плазмасын, әсіресе стафилококктық плазманы арасына 2 апта салып, кемінде 2рет құю қолданылады. Гиеприммунды антистафилококктық глабулин қышқылы, кокорбоксилаза, гипокалиемия(тахикардия), жүрек шегінің кеңеюі, лоқсу, құсу, ішек парезі жағдайында- калий ацетаты, айқын аңғарылған гипогидратация жағдайында -вена ішіне тұзды ерітінділердің тамшыларын енгізу тағайындайды. Кордиамин,жүрек гликозидтерін (коргликон,дигоксин), витаминдер (аскорбин қышқылы, тиамин, рибофлавин), геморрагиялық синдром жағдайында - викасол, флавоноидтар (рутин) дәне кальций хлоридін тағайындайды. Шала туған балалардың сепсисі жағдайында кортикостероидтар жақсы әсер етеді. Емдеуге антигистамин препараттарын: димедрол, супрастин, дипразин пипольфен) енгізіп, олардың курсын 8-10 күннен кезектестіріп отыру ұсынылады. Іріңді сепсис ошақтары болған жағдайда хирургия әдісін қолдану керек. Жаралы- некрозды энтероколит жағдайында мексаформ, Шостаковский бальзамы және ішке облепиха майы тағайындалады.
Антенаталдық кезеңде алдын алу алғашқы жүкті болған мерзімде басталуға тиіс. Әйелдер консультациясында әйелдер қынабының жұқпалы аурулары мен патогендік микрофлорасын анықтап, кейіннен емдеу үшін тексеріледі. Ананың бойында иммунитеті арттыру мақсатымен әйелдер стафилококктық анатоксинмен иммундандырылады, ол 1-ші рет жүктіліктің 35 аптасында,2 ші рет 38-39 аптасында,3 ші рет перзентханадан шығарылған кезде енгізіледі.
Перинаталдық кезеңде ана мен балаға гигиеналық күтім жасалуы керек. Жұқпалы ауру нышандары бар әйелдер жеке палаталарға жатқызылып, балалары қатаң бақылауда болады. Қызмет көрсетуші адамдар арасындағы патогендік стафилококк таратушылар қауіпті болады. Сондықтан оларды анықтап, емдеу маңызды.
Үйдің ішін дезинфекциялайтын заттарды (хлорамин ертіндісі) қолданып, үнемі тазартып отыру, бактерицидтің лампаны пайдалану, төсек –орнын дезинфекциялық камерада өңдеу, ауаны залалсыздандыру перзентханаларда микробтардың ұрық шашуына қарсы күресуге мүмкіндің береді.
Перзентханадан шыққаннан кейін баланы жұқпалы аурулармен жұғыстырудан сақтап, мұқият гигиеналық күтім жасау мен емізуді қамтамасыз ету қажет. Жаңа туған нәрестелерге күтім жасаудың барлық кезеңдерінде алдын алу шараларын жүргізу іріңді сепсис ауруларының санын азайтуға мүмкіндің береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет