Бағдарламасы бойынша жүргізу



бет2/9
Дата13.09.2024
өлшемі0,5 Mb.
#204261
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Детский саб (копия)

Жедел құлақ инфекциясы
Созылмалы құлақ инфекциясы
Құлақта инфекция жоқ
Отит(отиттер) деп құлақтың қабыну ауруларын айтады.
Құлақ үш бөліктен тұрады:
Құлақтың сыртқы бөлігі құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолынан тұрады. Сыртқы бөлігінінің қабынуында сыртқы отит дамиды.
Құлақтың ортаңғы бөлігі сыртқы дабыл жарғағы арқылы байланысады және дабыл қуысы мен есту шеміршектерінен тұрады. Ортаңғы бөлігінің қабынуында ортаңғы отит дамиды.
Ортаңғы құлақтың отиті – ата-аналардың педиатрға баруының негізгі себебі. Инфекция дыбыс жарғағының артындағы қуыста (ортаңғы құлақ аталатын) пайда болады.
Инфекция жіті және созылмалы болады.
Евстахиев түтігінің тітіркенуіне, қабынуына, бітелуіне ықпал ететін бірқатар факторлар бар. Оларға жататындар:
Қуыстарға суық тиюі және қабынуы
Тіс өскен кезде сілемейдің артық бөлінуі

Аденоидтардың өсуі
Аллергиялық серпін.
Ортаңғы отиттің симптомдары:
  • құлақтағы ауырсыну,
  • құлақтың бітелгендей сезімі,
  • жоғары температура,
  • құлақтан қою сары бөлінді шығуы,
  • ашушаңдық, тәбетті жоғалту,
  • жүрек айнуы,
  • құсу, ұйқыдағы мәселелер,
  •  естімей қалу мүмкіндігі.

Диагнозды дәрігер отоскоппен қарау арқылы қояды. Әдетте, инфекцияның белгісін қою жеңіл – қызару, сұйықтықтың немесе іріңнің болуынан. Кейде есту қызметіне тест жүргізіледі, ол ұзақ созылмалы инфекцияда бұзылуы мүмкін.
Диагностика әдістері
  • Қан талдауы, науқас анамнезін қарау
  • Отоскопия
  • Мұрын және шеке қуыстарын рентгенге түсіру
  • Аудиометрия
  • Бактериялық зерттеулер
  • Компьютерлік томография

Емдеу. Емдеудің мақсаты – ауырсынуды жеңілдету, инфекциямен күрес, асқынудың және инфекцияның қайталануының алдын алу. Үй жағдайында әдеттегі ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін дәрі-дәрмекті қолдану ортаңғы отиті бар адамдарға жеткілікті болады. балаларға аспирин беруге болмайды. 
Антибиотиктер әдетте, екі жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, аурудың ауыр түрінде немесе асқыну қаупі жоғары болғанда. Антибиотиктерге сезімталдыққа тест жүргізген жөн. Инфекцияның қайталануында ортаңғы құлақ қуысын шайып, желдету үшін түтік енгізуде хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін (миринготомия). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет