Созылмалы ортаңғы іріңді отит
Холестеатома - ісік тəрізді түзіліс, ортаңғы құлақтағы элементтердің остеолиттік деструктивтік процестермен дамуы салдарынан түзіледі. Холестеатома кезінде сыртқы есту жолы мен дабыл жарғағындағы мүйізделген эпителий ортаңғы құлақ қуысы мен емізіктəрізді өсіндінің ұяшықтарына ауысады да, остеолиттік ісіктəрізді процестің дамуына себепші болады.
Қауіп-қатерлі факторлар: евстахий түтігінде жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы салдарынан обструкция болуы, мұрын-жұтқыншақ ісіктері, барожарақат.
|
Диагностика
Диагностика критерилері Созылмалы ортаңғы отитте - дабыл жарғағындағы тесік арқылы ағатын сұйықтық сарғыш немесе жасылдау түсті, дабыл жарғағындағы тесіктің саңылауы арқылы ортаңғы құлақтың ылғалды, жылтыраған, қызарған медиалді қабырғасын көруге болады. Холестеатома кезінде - шрапнел жарғағының перфорациясы, дабыл жарғағының керілген бөлігінің жиектік перфорациясы, дабыл қуысында мүйізделген эпидермалық түзілістер байқалады.
|
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Самай сүйек пирамидасының рентгенографиясы.
2. Отоскопия.
3. Вестибулометрия.
4. Камертон көмегімен есту ағзасын зерттеу.
5. ЖҚА (лейкоциттік формула, ЭТЖ).
6. Тондық аудиометрия.
7. Сөйлеу аудиометриясы.
8. Объективті аудиометрия.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
|
Емі
Ем мақсаты: бассүйек ішілік асқынулардың алдын алу.
|
Егер процесс шрапнел жарғағында орналасқан болса, 3% бор қышқылы ерітіндісін немесе левомицетиннің спирттік ерітіндісін қолдану ұсынылады. Ортаңғы құлақ қуысының шырышты қабығы ауқымды зақымдалған болса, спирттік ерітінділерді 50% концентрациядан артық қолдануға болмайды. Құлаққа антибиотигі бар тамшылар тамызады.
Антибактериялық ем: амоксициллин 1500 мг тəулігіне, амоксициллин+клавулан қышқылы 1875 мг тəулігіне, азитромицин 500 мг тəулігіне, цефтриаксон 1000 мг тəулігіне, цефуроксим 500 мг тəулігіне. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапиядан кейін микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін итраконазол оралді ерітінді 400 мг\тəул., 21 күн бойы.
ибупрофен 1200 мг тəулігіне, диклофенак 100 мг тəулігіне.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |