Симптомдары • құлақтан бөлінділер (сыртқы есту түтігінен) • құлақтағы ауырсыну немесе жайсыздық (жағымсыз сезіну) • қызбалы жағдай, температура жоғары болуы немесе күрт артуы мүмкін • бас ауыруы • естуді жоғалту • құлақ аумағындағы немесе артындағы қызару • құлақ қалқанының ісінуден қалқайып тұруы.
Аурудың белгісі: құлақтың самай бөлігін қолмен басқанда қатты ауырады.
Диагностика Басты қарағанда мастоидиттің белгілерін көруге болады. Келесі тексерулер самай сүйегінің емшек тәрізді өсіндісінің бұзылыстарын анықтауы мүмкін:
Құлақтың бөліндісінен бактериологиялық себу алу – бактерияны анықтау үшін.
Емдеу Мастоидитті емдеу дәрілік препараттардың емізік тәрізді өсіндіге терең ене алмауынан қиындауы мүмкін. Сондықтан ұзақ, немесе қайта емдеу қажет болады. Антибиотиктерді қабылдау алдымен инъекция, одан кейін таблетка түрінде тағайындалады.
Егер антибиотикпен емдеу тиімді болмаса, хирургиялық араласу қажет болады, емізік тәрізді өсіндінің зақымданған тұстарын ішінара алып тастау үшін (мастоидэктомия).
Ортаңғы құлақтың қабынуында хирургиялық араласу дыбысжарғақ арқылы жасалады (мирингэктомия).
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
*Цефуроксим балаларға30-100 мг/кг-нан тәулігіне 3-4 бөліп қабылдауға тағайындалады. Жаңа туған нәрестелерге және 3 айға дейінгі балаларға тәулігіне 2-3 бөліп қабылдауға 30 мг/кг-нан тағайындалады.
2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл Балаларға 50 мг/кг дене салмағы. 500 мг бірреттік доза. Құйылу жиілігі күніне 2 рет қ/т 100-200 мг/кг дайындауға арналған ұнтақ
Созылмалы мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының іріңді зақымдануы.