Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет1/10
Дата21.12.2019
өлшемі420,61 Kb.
#53888
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
экология

Манкеш А.Е.




ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Əдістемелік нұсқау


Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігіұсынған

Алматыкітап баспасы


2017

ƏОЖ 373.2

КБЖ 74.102

М 19

МанкешА.Е.


М 19 Экология негіздері. Əдістемелік нұсқау.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педа- гогтеріне арналған. А.Е.Манкеш. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 120 б.
ISBN978-601-01-3068-5 ƏОЖ373.2

КБЖ 74.102




ISBN 978-601-01-3068-5
© МанкешА.Е., мəтіні, 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017


Алғы сөз

«Экология негіздері» оқу-əдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес дайындалды:



  1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізінанықтайды;

  2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығыменбекіген);

  3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсыныпотыр.

ОƏК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
6–7 жастағы балалардың мектептегі оқуға қажетті коммуникативтік білім-білік дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін білім беру үдерісімен, мектепалды даярлық сыныбы/тобы мен бастауыш білім берудің сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсаты көзделеді. Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» ұзақмерзімді (күнтізбелік- тақырыптық жоспар) жəне қысқамерзімді ұйымдастырылған оқу қызметтерінде (бұдан əрі ҰОҚ) жоспарлары жан-жақты қарастырылып берілген. Əдістемелік нұсқау мен əліппе- дəптерден тұратын бұл оқу-əдістемелік кешен білім беру талаптарына cəйкес, мектепалды даярлық (6-7 жас) сыныбы/тобыбалаларының жас жəне психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріліп жасалды. Қазіргі мектепке дейінгі сатыда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып-тəрбиелеу үшін жоғары білімдік нəтижелерге қол жеткізетін, оқу-тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқудың педагогикалық тəжірибедегі заманауи стратегиялар мен техникаларды пайдалану қарастырылған.

Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» пəні бойынша балалардың алған білімдерін күнделікті өмірде (отбасында, балабақшада, қоршаған ортада, табиғат əлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін бақылау, экологиялық түсініктерді жетілдіру, сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, тəрбиешінің жаңа білімді балаға қандай əдіс-тəсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты талданыпберілген.

Автор əдістемелік нұсқауда келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:


    1. Балаларға табиғат, қоршаған орта туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның əдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесіндамыту.

    2. Мектепалды даярлық тобы балаларының табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, табиғаттағы жағымды-жағымсыз істерді ажыратып, пайдалы іс-əрекет түрлерін атқара білу негізіндегі экологиялық мəдениетіндамыту.

    3. Зияткерлік, шығармашылық белсенділіктерін сын тұрғысынан ойлау қабілеті негізіндеқарапайым тəжірибелер жасатып, экологиялық ғылыми ақпаратты, мəселен:

«Қызыл кітап», «Қазақстанның қорықтары», «Наурыз – экологиялық мереке» екендігін түсіндіру.

    1. Балалардың өзіне жəне басқаларға сын көзбен қарай білудегі экологиялық жауапкершілігі, табиғи ортадағы өзінің іс-əрекетінің жақын кезеңдегі жəне болашақтағы нəтижелерін болжай білуіндамыту.

    2. Күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды тиімді пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін экология ғылымдары бойынша алған білімдерінқолдану.

    3. Пəн бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білугеүйрету.

    4. Бірлесіп жұмыс істеу, бір-бірімен ұжымдық қарым-қатынас жасау жəне өздеріндегі ақпараттармен бөлісе білу дағдыларынқалыптастыру.

Экология негіздері бойынша ҰОҚ-ның мазмұны оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Əрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға жəне оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.




Бөлім

Бөлімше

1. Тірі табиғат

1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау

1.2 Жануарларға қамқорлық жасау

1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар

2. Өлі табиғат

2.1 Су, жер, ауаға қамқорлық







1-бөлім. Тірі табиғат

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау

        1. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтімжасау

        2. "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктердіатау

        3. Табиғатта өзін ұстай білудің ережесінбілу

1.2. Жануарларға қамқорлық жасау

        1. .Табиғат бұрышындағы жануарларға күтімжасау

        2. Қазақстанның қорықтарынатау

        3. "Қызыл кітапқа" енгізілген жануарлардыатау

1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар

0.1.3.1. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу

Əдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты ғылыми түсініктер ерекшеленіп, ұсынылған ҰОҚ-лардың мазмұнындағы бақылаушылық дағдыларын қалыптастыратын əдістерді қалай қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай тəсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену дағдылары мен өз бетінше іздену жұмыстарын орындау үшін белгілі бір облыстың аясындағы базистік білім алып, бақылау, тəжірибе жасау тəсілдерін меңгеруге көмектеседі. Кіші жастағы балаларға бақылау негізіндегі ізденіп оқытудың тəжірибелік міндеттерін шешуге көмектеседі жəне ғажайып ғылым əлеміне жол ашады. Əдістемелік нұсқаудыңнегізі



  • қоршаған орта мен табиғаттағы адамның белсенді іс-əрекеті. Ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгеру бақылау, іс-тəжірибе жүзінде, тəжірибелік жұмыс, саяхат барысында жүзеге асырылады жəне танымдық тəсілдер мен өмірлік дағдыларигертіледі.

«Экология негіздері» бойынша ҰОҚ-ларда ғылыми түсініктер мен ұғымдар сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту тəсілімен жүзеге асады жəне бұл кейінгі тақырыптарға қайта оралуына жеңіл болады. Педагогтің сыни тұрғысынан ойлау, креативті, оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды пайдалануы балаларға бақылаушының рөлінде болуға көмектеседі. Педагог балаларды шығармалыққа баулу үшін өмірлік мақсаттарды, яғни

«қажетті білімді тек кітаптан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортадағы заттардан, өмірлік жағдаяттардан алу» тəсілін пайдаланады. ҰОҚ-ны құру барысында оқу материалдарын дұрыс бөлу осы пəн бойынша пəндік мазмұнын жетік меңгеріп, тəжірибелік дағдыларды игеруге, сабақтастық, пəнаралық байланыстардың дамуына, оқу-тəрбие үдерісінде жетістіктерге жетугекөмектеседі.

Қазіргі кезеңде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттар өте көп, сондықтан балаларға балабақшадан бастап ғылымды таныту аса қажет. Түрлі тəжірибелік жəне зерттеу іс- əрекеттері балалардың қарапайым бақылаушылық дағдылары мен іскерліктерін дамытады. Мысалы: əліппе-дəптердегі бақылау, сұрақтар құрастыру, тəжірибелік жұмыстар жүргізу, өзінің пікірін ортаға салу, өз ойын дəлелдей білу жəне т.б. Бұл дағдылары мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдана алады. Балалар болашақта ғылыми білімді адамзаттың тұрмысы мен тіршілігі үшін пайдаланудың маңызды екенін түсінеді.

Балалар ҰОҚ барысында, бақылау кезінде өсімдіктерді күтуге қажетті құралдармен жұмыс істей білу дағдыларды, ғылыми білімді ерекше əдіс-тəсілдермен игереді де, құрбы- құрдастарымен ұжымдық қарым-қатынасқа түсуді үйренеді. Оқу материалдарын бекіту шығармашылық, тəжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: тапсырмаларды орындайды, сурет салады, тəжірибе жасайды өтілген тақырып бойынша алған əсерлерін бір-біріменбөліседі.


Əдістемелік нұсқауда пəндік нəтижелерді пайдалану барысында мектепалды даярлық сынып (тобы) балалары:

    • бақылау мен бақылаушының рөлін білуі: қоршаған ортаның нысандарын, құбылыстары мен үдерістерінің қажеттілігін түсіндіреалуы;

    • «бақылау» деген ұғымды түсініп, қоршағанортадағықұбылыстарға бақылау жүргізебілуі;

    • қарапайым тəжірибелік жұмыстарды жүргізебілуі;

    • өлі жəне тірі табиғат туралытүсінігі;

    • жер, су, ауаның тазалығы жөніндегі түсінігініңболуы;

    • бөлме жəне басқа мəдени өсімдіктерді күте алуы; жабайы жануарлар жəне үй жануарларының айырмашылықтарынбілуі;

    • оларға қамқорлық көрсету дағдыларын меңгеруі; орманшының, қорықшының қызметін білуі; орманды, тоғайды өрттен қорғаудың қажетекендігін;

    • табиғатта адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтайбілуі;

    • табиғатты қорғауға байланысты айтылатын тыйым сөздердің мағынасынбілуі;

    • табиғаттағы пайдалы іс-əрекет түрлерін орындайбілуі;

    • адамның денсаулығының жақсы болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты екендігін білуітиіс.

Білімге деген сұраныс жағдаяттарын құру (оқытуға, зерттеуге дəлел): таңғалу, қызығушылық, өзекті мəселе. Өзекті жағдаяттарды қолданудағы басты мақсат – балалар мен тəрбиешілер мəселені бірлесіп шешу, жағдаяттарды шешуде балалардың үйлесімді іс- əрекеттері мен педагогтің жалпы басшылығымен бағыттап, сондай-ақ осындай іс-əрекет үдерістерінде біліммен қаруландыру жəне жалпы қағидалармен өзекті міндеттерді шешу. Бала оқу жылының басында түрлі деңгейдегі жағдаяттарды:



  1. Педагогтің көмегімен мəселені (міндетті)тұжырымдайды.




  1. Ересектердің көмегімен мəселенің шешімінтабады.




  1. Тəрбиешінің көмегіменшешеді.




  1. Тəрбиешінің көмегімен осы шешімнің дұрыстығынбағалайды.

ҰОҚ-да оқытудың коммуникативтік, жүйелі əрекеттерімен байланысты сын тұрғысынан ойлау технологиялары қолданылады. ҰОҚ барысында танымдық-ізденістік əрекеттер арқылы білімнің жаңа формасын меңгерген жағдайда ғана балалар алған білімдеріне, сыни тұрғыдан қарап, шығармашылықпен ойлап, дербес шешімдер шығара алады.

Əдістемелік нұсқауда кездесетін шартты белгілер төмендегідей оқылады:
ҰОҚ – ұйымдастырылған оқу қызметі

МК – мұғалімнің көрсетуі ОТ – оқушының тəжірибесі Ұ – ұжымдық

Т – топтық

Ж – жұптық

Ө – өзіндік жұмыс
Аталған оқу-əдістеме кешені балалармен «Экология негіздері» ҰОҚ бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Еңбек жемісті болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет