Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту жəне тəрбиелеу жұмысы біртұтас даму үдерісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар жəне оқу- əдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тəсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесініңболуы;
оқу үдерісін күнделікті өмірге жəне қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруғабағыттау;
балалардың əлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуынабағытталған
тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
пəнішілік жəне пəнаралық мазмұныныңкіріктірілуі;
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тəрбие үдерісінің ортақ үлгісін қамтитын əдістемелік қолдауды қамтамасызету.
Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымында жəне жаңа оқу-əдістемелік кешендерінде қамтылған.
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куə болған адамдар əрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеб оқу-əдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен əдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық жəне мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндікбереді.
Бұл əдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОƏК-ін əдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дəлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:
Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер он өзгертпегеніжөн).
Жоспарда ҰОҚ-ның сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі жəне кейбіреулері үшін). Бұл оқу үдерісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым жəне оқу барысы үшінтиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін əдіс-тəсілдер қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған əдіс- тəсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың
«Ресурстар»аттыайрықшатармағындадидактикалық,əдістемелік,электрондықсипаттағы əртүрлі апарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайыбар).Қысқамерзімді жоспарда əліппе-дəптердің, оның ішінде жұмыс дəптерінің барлықтапсырмаларыескерілген. Егер əліппе-дəптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса,əдістемелікнұсқаудаəдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Əдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы əдіс-тəсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды,ойынтүрінде тартымдыболады.Ондаəдебисөзде,суретсалуда,сахналықрөлсомдау,ойын,драмалау,
ойнау, фольклор,сергіту сəті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер жəне т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық əдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай-ақ əліппе-дəптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:
Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығыбар?
Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға болама?
Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма əлде технологиялық картань пайдалана ма – өзі шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:
|
Технологиялық карта
|
Қысқамерзімді жоспар
|
1
|
Оқу мақсатын педагог таңдайды.
|
Оқыту жəне тəрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында айқындалған.
|
2
|
3 кезеңнен тұрады:
– мотивациялық-қозғаушылық;
|
3 кезеңнен тұрады:
– ҰОҚ-ныңбасталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды
|
|
ұйымдастырушылық-ізденушілік;
рефлексивтік-түзетушілік.
|
қамтамасыз ету);
өмірлік тəжірибеніөзектендіру;
ҰОҚ-ның соңы (қорытынды,рефлексия).
|
3
|
ҰОҚ-ның негізгі бөлімі:
– ұйымдастырушылық-ізденушілік.
|
ҰОҚ-ның негізгі бөлімі:
– өмірлік тəжірибені өзектендіру.
|
4
|
ҰОҚ əдістемесі педагогтің басқарушылық іс-əрекетін жəне балалардың іс-əрекетін қарастырады.
|
ҰОҚ əдістемесі əдістемелік тəсілдер, құралдар, ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін қарастырады.
|
5
|
ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.
|
ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.
|
Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ-ның үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тəрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картань меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілері мен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тəсілдері айтарлықтай ұқсас.
Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОƏК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған əдебиеттер
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2016.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.Астана,2016.
Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. – Алматыкітап баспасы.2015.
Иващенко А.А.Қазақстан өсімдіктер əлемінің асыл қазынасы. По страницам Красной книги. –
Алматы, 2005.
Ковшарь А.Ф.Қазақстан қорықтары. – Алматыкітап баспасы, 1989.
Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А.Қазақстанның жануарлар əлемі. – Алматы, 2003.
Аксенова З.Ф. Войди в природу другом. Экологическое воспитание дошкольников. – М.: ТЦ Сфера, 2011.
Ковинько Л.В. Секреты природы – это так интересно! – М.: Линка-Пресс, 2004.
Мазмұны
Түсініктеме 3
«Экология негіздері» ұйымдастырылғанн оқу қызметі
(ҰОҚ) бойыншаұзақмерзімдіжоспарлау 7
Ортамерзімдіжоспарлау 9
Қысқамерзімдіжоспарлау 38
Қосымша 115
Пайдаланылғанəдебиеттертізімі 118
Оқулықбасылым Учебноеиздание
Манкеш Ақсəуле Ерженбайқызы
ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Əдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Əдіскер Б.С. Тажинова
Редакторы М.Қ. Солтанғазина
Басуға 13.07.2017 ж. қолқойылды.
Пiшiмi 60х84 1/8. Əрiп түрi «Times New Roman». Таралымы 1100 дана. Тапсырыс № 1577.
Қазақстан Республикасы,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kzwww.almatykitap.kz
ОСНОВЫ ЭКОЛОГИИ
Методическое руководство
для педагогов
предшкольных групп и классов по Типовой учебной программе
дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова
Редактор М.К. Солтангазина
Подписано в печать 13.07.2017 г. Формат 60х84 1/8.
Гарнитура «TimesNewRoman».
Тираж 1100 экз. Заказ № 1577
Республика Казахстан,
ТОО «Алматыкiтап баспасы» 050012, г. Алматы,
ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
е-mail: alkitap@intelsoft.kzwww.almatykitap.kz
Кітаптарды «Алматыкітапбаспасы» ЖШС-ныңкітапдүкендеріненсатыпалуғаболады.
Астана қаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54;
Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92; Победа даңғылы, 67, тел. (7172) 51 84 12.
Алматы қаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86;
Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86; Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66;
Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59; Бруно көшесі, 95, тел. (727) 374 34 42;
Əл-Фараби даңғылы, 63/17, тел. (727) 387 17 24; Майлин көшесі, 224 «А», тел.: (727) 222 29 43, 386 15 19;
Фурманов көшесі, 51, тел. (727) 273 51 38.
Қойма есептеу басқармасы: Алматы қ., Ангарская көшесі, 95 А, тел.: (727) 290 49 67, 290 49 66.
Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, е-mail: Nasihat@almatуkitap.kz
050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, e-mail: Jalyn@almatуkitap.kz
050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, е-mail: Arman@almatуkitap.kz
Интернет-дүкен: www.almatуkitap.kz
Маркетинг бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20. e-mail: sale1@almatykitap.kz
Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды
www.almatykitap.kz сайты арқылы білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |