Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет481/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

«қасқырға қақпан» 
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ қол ұстасып дөңгелене қасқырға қақпан 
құрады. Екінші топ қасқырлардың рөлін атқарып, залда қақпан арқылы төрттағандап еңбектеп 
жүреді. 
«Кәне, кәне, халайық,
Қасқыр-қақпан құрайық.
Кәне, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – деп айтылған соң, бірінші топтың ойыншылары қолдарын 
түсірген кезде қақпан жабылады. Қақпанда қалып қойған қасқырлар ойыннан шығады да, 
ойын жалғасады. Содан кейін топтар орын алмасады.
«Бос орын» 
Балалар малдас құрып дөңгелене отырады. Ойын жүргізуші қолына екі бүктеп белдік 
(қамшы) алып шеңберді айнала жүріп келе жатып, балалардың бірінің қасына тоқтап қамшыны 
тастайды. «Бұл жер тар, өзіңе орын тап!», – деп айтады. Ойыншы белдікті ала салып, ойын 
жүргізушінің артынан жүгіреді. Егер қуып жетсе, оны белдікпен ауыртпай ұрады. Ойын 
жүргізуші екеуі орын алмастырып, ойын жалғасады.
«Соқыртеке» 
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Санамақ арқылы «соқыртеке» сайланады. 
Оның көзін мықтап таңады. Балалар кезекпен оның әр тұсынан келіп қол тигізеді. Көзі таңулы 
бала қол тигізген баланың кім екенін тауып, атын атауы керек. Кім екенін тапса, енді сол 
баланың көзін байлайды.
«теңге алу»
Алаңда бастапқы сызық пен мәре сызығы сызылады. Біршама қашықтыққа тиын 
тасталады. Батырлар атпен (фитболдармен) мәре сызығына (шаршы) дейін шауып келіп, кері 
қайтады, қозғалыс кезінде тиын алады. Бірінші болып барлық тиынды жинаған топ жеңіске 
жетеді.
«Итеріспек»
Диаметрі 3-4 метр шеңберге балалар тұрады. Белгі берілген кезде, бір-біріне қарама-
қарсы тұрған балалар бір аяқпен секіре отырып қарсыласын шеңберден итеріп шығаруға ты-
рысады. Қолмен және денемен итеруге болады. Шеңберде қалғандар жеңіске жетеді.
«Оқтау тарту» 
Балалар бір-біріне қарама-қарсы табандарын тіреп отырады да, спорттық таяқты екеуі 
екі жақтан қос қолдап ұстайды. Бұйрық берілгенде, әрқайсысы қарсыласын өз жағына тар-
тып орнынан көтеруге тырысады. Қарсыласын өзіне қарай тартқан бала жеңеді. Таяқты басқа 
жаққа жұлқыламай, тек өзін тура тарту керек.
 «Жаяу-тартыс»
Екі бала бір-біріне арқамен тұрады, иықтарына жіп іледі де, жіпті қолтық астынан 
өткізеді. Жіптің ұшы байланып, түйіншегі ойыншылар арасында болуы тиіс. Белгі берілген 
кезде, олардың әрқайсысы бір-бірін өз жағына тартуға тырысады. Қарсыласын өз жағындағы 
белгіге дейін тартып апарған бала жеңеді.
«қуаласпақ»
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы қуатын адам таңдалады. 
«1-2-3 – ұстап ал!» деп белгі берілгенде, балалар жүгіріп, орындықтарға қарғып шығады 
(биіктігі 30 см орындыққа бірнеше қадам аттап барып, аяқты серпу арқылы қарғу).


215
Қуғыншыдан қашып бір орындықтан екінші орындыққа секіріп шығады. Қолға түскен 
бала ойыннан шығады. Аз уақыт ішінде көп баланы ұстап алған қуғыншы ең ептісі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет