Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет479/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

Үшінші артық
» 
қимыл ойыны
Ойынға қатысушылар санамақ немесе жеребе тастау арқылы жұптарға бөлінеді
содан кейін екі-екіден бір-біріне теріс қарап шеңбер жасап тұрады. Жұптардың арасындағы 
қашықтық – 2-3 адым. 
«Артық» ойыншы қашады, ойын жүргізуші қуады. «Артық» баланың міндеті – қашып 
жүріп, кенеттен кез келген баланың алдына тұра қалу. Егер ойын жүргізуші бұған дейін оған 
қол тигізіп үлгермесе, жұпсыз қалған бала «артық» болып саналады.
 «Бес тас» 
Көлемі бірдей шағын бес тас алыңдар. Араларыңда ең батылың бес тасты жоғары 
лақтырып, екі қолдың алақанымен жерге түсірмей қағып алыңдар. Қайтадан тастарды лақтырып, 
оны қағып алардан бұрын қолды алда және артта шапалақтау керек. Келесі лақтырғанда қос 
қолдап алақанның сыртымен қағып алу керек. Ең қиын кезек: қолда қалған тастарды жоғары 
лақтырысымен, бұрын жерге түсіп қалған тастарды жинап үлгеру керек. Бесінші кезең онша 
қиын емес, ол – бірінші кезең сияқты тасты лақтырып алақанмен ұстап алу. Бес кезеңнен кейін 
қолында көп тас қалған бала жеңеді.


213
«Аңшылар» 
Ойыншылар «аңшылар» мен «қасқырлар» болып екі топқа бөлінеді. «Қасқырлар» 
шамамен диаметрі 4 метрлік шағын шеңбердің ішінде тұрады. «Аңшылар» шеңбер сыртында 
болады. Бұйрық бойынша «аңшылар» өз орнынан шықпаған күйі шеңбердегі «қасқырларды» 
доппен «ата бастайды». «Қасқырлар» да тұрған орнынан кетпей доптан бұғып, тигізбеуге 
тырысады. Олар допты жерге түсірмей қағып алса болады. Лақтыру доп санына қарай болады. 
Доптар біткен соң «аңшылар» мен «қасқырлар» ауысады. Көп ұпай жинаған топ жеңеді. 
 «тапқыр» 
Балалар екі топқа бөлініп, екі сызыққа бір-біріне қарама-қарсы отырады. Топтардың 
арақашықтығы шамамен 2 метр. Ойын жүргізуші топтардың бірінің соңғы отырған 
ойыншысының қолына доп лақтырып кез келген сөзді айтады, мәселен: «Тере...» «Зе!» – деп 
сөзді жалғастырып, допты қарсы отырған балаға лақтырады. Ойын жүргізуші қателескендерге 
айып салады. Ол балалардың ойын ережесін сақтауын, допты дұрыс беруін, бір-біріне 
сыбырламауын және уақытты бақылайды. Ойынды қиындату үшін таулардың, өсімдіктердің, 
жануарлардың атын айтқызуға болады. Айып аз салынған топ – жеңеді.
«қуаласпақ»
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы қуатын адам таңдалады.
«1-2-3 – ұстап ал!» деп белгі берілгенде, балалар жүгіріп, орындықтарға қарғып шығады (биіктігі
30 см орындыққа бірнеше қадам аттап барып, бір аяқты серпу арқылы қарғу).
Қуғыншыдан қашып бір орындықтан екінші орындыққа секіріп шығады. Қолға түскен 
бала ойыннан шығады. Аз уақыт ішінде көп баланы ұстап алған қуғыншы ең ептісі болады.
«Ұшты-ұшты» 
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ортаға ойын бастаушы шығады. Ол ұшатын және 
ұшпайтын жаны бар және жаны жоқ нәрселерді атайды. Ойын бастаушы заттың атын атап, 
қолын жоғары көтереді, ал балалар аталған зат ұшатын болса (ұшақ, тікұшақ, көбелек, шыбын, 
шегіртке, зымыран, қар, парашютші, қарға), қолдарын көтеру керек. Атай келе кенеттен 
ұшпайтын заттарды, мәселен: сиыр, дейді. Егер балалардың бірі қолын көтеріп қойса, оған 
жаза ретінде қандай да бір тапсырма беріледі. Мысалы, өлең айтқызады. Шатасудан сақтанып, 
қолын кеш көтерген бала да «жаза» тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет