Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет505/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру
ақпан циклограмма, ақпан циклограмма, камила портфолио, Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1
қимылы аз ойындар
«тыныш – қатты» 
Ойын бастаушы балаларға теріс қарап тұрады. Педагог балалардың біріне жасыруға 
болатын зат береді. Балалардың барлығы заттың кімде екенін біледі. Ойын бастаушы затты 
жасырған балаға жақындағанда балалар қол шапалақтайды, ал затты жасырған баладан 
алыстағанда шапалақ азая бастайды. Егер ойын бастаушы зат кімде екенін ұзақ уақыт таба 
алмаса, басқа ойыншымен ауысады.


226
«тап та, үндеме» 
Педагог бір затты алдын ала жасырып, оны табуды ұсынады. Затты көрген бала педагогтің 
жанына келіп басқаларға естіртпей айтады. Балалардың көпшілігі тапсырманы орындаған 
кезде, педагог ең зейінді кім болғанын айтады. Бір баладан саппен жүру.
«Ойын бастаушы»
Ойын бастаушы таңдап алынады да, дөңгелене шеңбер құрған балалардың ортасына 
тұрады. Балалар қол ұстасып, бірде оңға, бірде солға шеңбер бойымен айнала жүріп:
«Қатар-қатар шеңбер құрып,
Адымдаймыз біз алға.
Тұр орныңда! Кәне, қалма
Бізбен бірге қайтала!» – деп тоқтай қалады да, қолдарын түсіреді. Ойын бастаушы қандай 
да бір қимылды көрсетеді, балалар бәрі қалмай қайталауы тиіс. Ойын бастаушылар алмасып, 
ойын жалғасады. 
«Пішін» 
Бір баладан саппен (немесе шашыраңқы) жүру. Педагог: «Тоқта» деп белгі бергенде
тоқтап, қандай да бір пішінді қалыпты келтіреді. Жылдам, анық, әрі қызықты орындалған 
пішін атап өтіледі.
«Жаңғырық» 
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бірінші ойыншы өз есімін атап, кез келген 
қимылды жасайды (бұрылады, шапалақтайды, секіреді т.б.). Балалар бәрі бірге хормен оның 
дауыс ырғағын келтіріп, оның есімі мен қимылын үш рет қайталайды. Содан кейін келесі 
бала атын атап, қимыл көрсетеді. Бәрі оны қайталайды. Осылайша барлық бала есімін айтып 
шыққанға дейін ойын жалғасады.
«Доп кімде?» 
Балалар қолдарын артқа жасырып, дөңгелене тұрады. Ортада көзі жұмулы ойын 
бастаушы тұрады. Ол кішкентай допты шеңберде тұрған балалардың біріне береді. Балалар 
байқатпай допты арқадан қолдан-қолға өткізеді. Ойын бастаушы көзін ашып, доптың кімде 
екенін табуға тырысады. «Сәуле, қолыңды көрсет!» – деп балалардың бірінен сұрайды. Ол 
қолын көрсетеді де, қайтадан арқаға жасырады. Допты қолда ұзақ ұстауға болмайды, ойын 
бастаушыға балалардан қатарынан сұрауға болмайды. Егер бастаушы доптың кімде екенін 
тапса, сол ойыншы ортаға шығып ойынды жалғастырады.
«Айгөлек» 
Балалар бірі екіншісінің ішінде орналасқан екі шеңбер құрып, қол ұстасады. Педагогтің 
белгісі бойынша, олар белгіленген жаққа қарай қозғалысты бастайды (жүру немесе баяу 
жүгіру). Музыка үнімен ырғақпен жүруге болады.
«Мұқият бол!» 
Педагог балаларға өзі айтқан барлық қимылдарды орындауды ұсынады, бірақ ол кезде өзі 
мүлде басқа қимыл көрсетуі мүмкін. Мәселен, педагог: «Қолды екі жаққа жайыңдар!» – дейді 
де, өзі қолын жоғары көтереді. Бұл ойынды шеңберде немесе кез келген саппен орындауға 
болады.


227
«Орын алмастыр»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Педагог өзара ұқсастықтары бар: шашы сары, футболкасы 
ақ, үй жануарлары және т.б. бірдей балаларға орын алмасуды ұсынады. Мәселен, былай дейді: 
«Велосипеді бар балалар орын алмастырсын». Балалар орын ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет