«Соқпақ жол, қар ұшқыны және омбы қар
» (зейін)
Балалар бір сапқа тұрады. «Соқпақ жол» дегенде, олар алдындағы баланың иығына
қолдарын қояды. «Қар ұшқыны» дегенде, бір орындарында шыркөбелек айналады, ал «Омбы
қар» дегенде отырады.
«Алыптар мен ергежейлер»
Біреуден сап құрып жүру. Педагог: «Алыптар!» дегенде, балалар қолдарын жоғары
көтеріп аяқтың ұшымен жүреді, содан кейін жай жүреді. «Ергежейлілер!» дегенде, жартылай
отырып жүреді. Осылай жүру алма-кезек орындалады.
«Ара»
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап отырады да, доп домалатады. Олар допты қолмен
бар екпінмен домалатып, басқа баланың аяғына тигізуге (шағып алуға) тырысады. Доп тиген
(араның тұмсығы кірген) бала теріс қарап отырады да, келесі бір баланы ара шаққанша ойынға
қатыспайды. Ол доп тиген келесі бала теріс қарап отырғанда қайта ойынға қосылады.
Ереже:
допты тек қолмен домалату керек, допты ұстап алуға, тоқтатуға болмайды.
«Мүсіндер»
Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне қос қолдап доп лақтырады. Допты
ұстай алмаған бала айып тартады: бір аяқпен ойынды жалғастырады. Егер ол осылай тұрып
доп ұстай алса, айыбы алынып, екі аяқпен тұрады. Егер тағы бір қате жіберсе, бір тізерлеп
тұрады. Үшінші рет қателессе, екі тізерлеп тұрады. Егер ойыншы осылай тұрып доп қағып
алса, оның барлық айыбы алынып, екі аяққа тұрып ойынды жалғастырады. Ал жолы болмаса,
ойыннан шығады.
228
Достарыңызбен бөлісу: |