(Ұ) Балаларға қазақ халқының дәстүрлері туралы
әңгімелеуді ұсынады. Наурыз мейрамын тойлау
дәстүрлердің бірі болып табылады. Бейнесюжет
тамашалайды.
Балаларға осы мейрамның туындауы туралы
аңызды әңгімелейді.
Наурыз – бұл еңбек, бейбітшілік, достық мейрамы.
Адамдар бір-бірінің реніштерін кешіріп, өздері
мен басқаларға жақсылық пен бақыт тілеген.
Осы күндері Бата алу маңызды болған. Бата – бұл
үлкен адамдардың тілегі, өсиеті. Мынадай тілектер
айтылатын болған: «Барлық бастамаларыңа табыс
тілеймін», «Жерімізге өнімділік тілеймін», т.б.
Сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Майшам.
Б. Дальдинбаевтың
музыкасы.
Астанада Наурызды
тойлау туралы
бейнефрагмент.
https://youtu.be/
cDrMv1PPxZY
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырманы
орындауды ұсынады.
Суретші суретте нені шатастырған?
(Ж, Ұ) Педагог досымен бірге біздің қай
мейрамдарды қыста, ал қай мейрамдарды көктемде
қарсы алатынымызды талқылауды ұсынады.
(Ұ) Сергіту сәті
Көзіңді жұм! (Алақандарымен көздерін жауып,
артынан ашады.)
Найзағай жарқылдайды. (Саусақтарын жұмып
ашады.)
Жаңбыр жауып, (Үстелді саусақтарымен ұрады.)
Аспанда кемпірқосақ ойнайды (Ауада жартылай
шеңберлер салады.)
Әліппе-альбом.
83
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын сақтау туралы
әңгімелеуді сұрайды.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог Наурызды тойлаудан ең жарқын сәтті
еске түсіріп, оны зерде бойынша салу керек
екендігін нақтылайды. Педагог топта жұмыс
істейтіндігімізді түсіндіреді. Сурет қайталанбауы
үшін кімнің не салатыны туралы кеңесіп алу керек.
Балалар орындау тәртібін талқылайды және
мейрамның бір сәтін салады.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті
қарындаштар,
балауыз борлар,
фломастерлер.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) «Наурызды қарсы аламыз» көрмесі
ұйымдастырылады.
Педагог жұмыстарды талқылауды ұйымдастырады.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият
орындалмады ма?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд
Әліппе-альбом
25-ҰОҚ. Қымыз
құюға арналған кесе
(сәндік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.1.1. Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т.б.) пайдаланып,
қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.
0.1.1.2. Түрлі сызықтардың көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді және
қазақтың ұлттық өрнектерінің түрлерін салу.
0.2.1.2. Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу
нүктелерді салғанда тік ұстау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• түрлі сызықтарды пайдаланып, қарапайым заттарды салады;
• жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу, нүктелерді
салғанда тік ұстайды;
• түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ
өрнектерінің түрлерін салу.
84
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• қылқаламмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды;
• ұзын сызықтарды жасау кезінде қолымен қимыл жасайды;
• алдағы әрекеттерді айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сызықтардың бірқалыптылығы, бірігуіне, олардың жіңішкелігі,
әсемдігіне қол жеткізеді;
• өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• пішінді бейнеге айналдыру жөнінде идеялар ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір
білдіреді;
• сызық түрлерін, олардың сипатты ерекшеліктерін ауызша формада
анықтайды.
Көптілділік: кесе – пиала – сup.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• кесе, шай ыдысы, сәндік сурет салу, өрнек
талқылауға арналған сұрақтар:
Біз қай елде өмір сүреміз?
Біздің ел көпұлтты. Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?
Қазақ халқы әрқашан да қонақжайлылығымен танылған.
Қазақтардың қонақтарды қарсы алуға жайған үстелі қалай аталады?
Бастапқы білім
Қылқаламмен техникалық жұмыс дағдылары, зат пен оның нышандарын
дұрыс жеткізу туралы түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң көңіл-күй
қалыптастыру.
0 –1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Балалар, бізді қоңырау шығармашылық
әлеміне шақырады. Педагог қоңырауды жай ғана
соғады, сол кезде ғажайып әуен қосылады.
(Ұ) Педагог балалардың назарын дастарқанға
аударады. Дастарқанға ыдыстар қойылған. Әңгіме
жүргізіледі. Дастарқаннан не көріп тұрсыңдар?
Қандай ыдыстарды білесіңдер?
Сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Музыкалық
сүйемелдеу,
бірқалыпты музыка,
қоңыраудың
дыбысы.
Қазақ халқының
тұрмысы мен
мәдениеті.
Алматыкітап
баспасы,2006 ж.
Ойын жағдаятын
сыныпта ойнату.
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Ыдысқа қарап, атаңдар. Қандай ыдыс
дастарқанның сәнін кіргізеді?
Проблемалық сұрақ: Қонақтарға қымызды
қандай ыдыспен береді? Өз таңдауларыңды
түсіндіріңдер.
Әліппе-альбом.
85
Қуаныш пен Айсұлу кесені салып, оны қазақ
өрнегімен бояуды ұсынады.
Ал оған түзу және қисық сызықтар көмектеседі.
Өрнек нұсқаларын әліппе-альбомнан қараңдар.
Айтыңдаршы, бүгін біз қандай құралдарды
пайдаланамыз? (Қылқалам, акварель, қарындаш.)
(Ұ) Саусақ жаттығулары
Бір, екі, үш, төрт,
(бір-бірінің алақандарын соғып, жұдырықтарын
кезектестіре түйістіреді.)
Біз барлығымыз жуамыз:
(бір алақан екінші алақанның бетімен айналып
сырғиды.)
Құманды,саптаяқты, қасықты,
Және үлкен ожауды .
(бас бармақтан бастап, саусақтарды біртіндеп
бүгу.)
Саптаяқты сындырып,
Ожауды жерге түсірдік.
Құманның шүмегі жұлынып.
Қасық сәл-пәл майысты.
(бас бармақтан бастап, саусақтарды біртіндеп
ашу.)
Біз осылай анамызға көмектестік!
(бір-бірінің жұдырықтарын ұру, алақан соғу.)
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог оқу құралдарының партада орналасу
ережелерін еске салады. Балалардан қылқаламды
қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетуді
сұрайды.
Қылқаламмен, бояулармен жұмыс істеу
барысындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін
еске салады.
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта ұстау
қажеттілігіне ынталандырады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог әртүрлі сызықтарды пайдаланып, кесені
салуға болатынын түсіндіреді. Оны қазақ ұлттық
өрнегімен безендіреді.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
№3, №6,
қылқаламдар
акварель, қарындаш,
стақан, мақта
майлықтар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады.
Педагог жұмыстарды талқылауды
ұйымдастырады.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп ойлайсың
ба, әлде онша емес пе?
Не сәтсіз болды?
Кімнің суреті көбірек ұнады?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд.
Әліппе-альбом.
86
Педагог балаларға қазақ ою-өрнектерінің
элементтерін күнге немесе бұлтқа жапсыруларын
ұсынады. Сабақ ұнады, қызықты болды – күнге
жапсыру. Ұнамады, қызықсыз, қиындықтар
кездесті – бұлтқа жапсыру.
26-ҰОҚ. «Жеміс пен
көгөніс» ертегісі
(сюжетті)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ
Қатысқандардың саны:
Қатыспаған-
дардың саны:
Сабақтың оқу
мақсаттары
0.1.2.1. Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар
мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет
салу.
0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру,
материалдарды үнемдеп жұмсау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• бейне жасау үшін негізгі геометриялық формаларды қолданады.
• жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін орынды пайдаланады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• материалдармен мақсатты жұмыс жасайды;
• бейнелерді сатылап жасайды;
• алдағы әрекеттерді айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• салынған сюжет бойынша ертегі ойлап табады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• балама шешімдер ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір
білдіреді.
• қорытынды нәтижені болжайды.
Көптілділік: пайдалы – полезный – useful.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• жемістер мен көкөністер, пайдалы азық-түлік.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай азық-түлік ағзаға пайдалы?
Көкөністер мен жемістердің құрамында не көп?
Көкөністер мен жемістер ағзаға қандай пайда әкеледі?
Бастапқы білім
Қылқалам, балауыз борлармен техникалық жұмыс дағдылары, зат пен
оның нышандарын дұрыс жеткізу туралы түсініктер.
87
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді
көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізді сиқырлы ертегі
күтеді. Сендердің бар нәрседе сәтті болып, күні бойы
жақсы көңіл күйде болғандарыңды қалаймын.
(Ұ) Педагог ертегілер бойынша әңгіме жүргізеді.
Ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді
білесіңдер? Ертегілер қандай сөздермен басталып,
қандай сөздермен аяқталады? Педагог балаларға ертегі
айтушы рөлінде болуды ұсынады. Тақырып бойынша
өз ертегісін ойлап табады.
Өлеңді тыңдап, сендер ертегі тақырыбын таба
аласыңдар.
Дұрыс болса айтқаным,
Шапалақта қолыңды.
Теріс болса айтқаным,
Тарсылдатқың аяқты.
Өне бойы жеу керек,
Денсаулыққа ол керек:
Жеміс-жидек, жұмыртқа,
Ірімшік пен айранды.
(балалар шапалақтайды.)
Орамжапырақ жемеңдер,
Тәтті емес, ол бекер.
Болады жақсы жесеңдер:
Шоколад, вафли, кәмпит,
Мармелад.
(аяқтарымен тарсылдатады – жоқ, жоқ.)
Тістеріңді жуыңдар,
Жатуға дайындалыңдар.
Өздеріңмен бірге
Төсекке булочка алыңдар. (аяқтарымен
тарсылдатады – жоқ, жоқ.)
Музыкалық
сүйемелдеу,
«Ертегіде қонақта»
әуені.
Экрандағы
пайдалы тағам
слайдтары.
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Қуанышқа қай жемістердің суық реңкті,
қайсыларының жылы реңкті екендігін түсіндіріңдер.
(Ж) Досыңмен кеңес те, осы өнімдердің несімен
пайдалы екендігін айт.
Қыздарға арналған тапсырма: Суреттерге қараңдар.
Айсұлу қандай жеміс-көкөніс ертегісін ойлап тапты?
Ол неліктен ертегі сюжетіне қара түсті таңдады?
Ұлдарға арналған тапсырма: Қуаныш ойлап тапқан
ертегіде оқиғалар әрі қарай қалай өрбіді?
(Ұ) Саусақ жаттығуы
Бақшада көп жиек бар,
(Саусақтарын жұмып ашады)
Әліппе-альбом.
88
Шалқан да бар, салат бар,
(саусақтарын біртіндеп бүгеді)
Қызылша мен бұршақ та,
Ал картошка жаман ба?
Азық болар баршаға
(алақан соғады)
Көгөністер бақшада.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс техникасы
Педагог акварель және балауыз борлармен жұмыс
істеу ережелерін еске салады. Жұмыс барысында
жұмыс орны мен құралдарды таза ұстап, бояуды
үнемді жұмсауды, оны қылқаламның ұшымен алуды
сұрайды.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Басты кейіпкерлері көгөніс пен жеміс болатын өз
ертегіміздің сюжетін ойлап табамыз. Ертегіге атау
беріңдер. Өз жұмысыңды неден бастайсың? Сенің
түпкі ойың қандай?
Сендер апельсин мен алманың достығын, сәбіз бен
қызанақтың достарына барғанын сала аласыңдар.
Акварель бояумен рең салыңдар. Сюжетке қарай суық
не жылы реңктерді таңдай отырып, бүкіл парақты
бояумен бояймыз.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
№3, №6,
қылқаламдар
акварель, стақан,
мақта майлықтар,
балауыз борлар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) «Жеміс-көкөніс ертегісі» жұмыстарының
көрмесі ұйымдастырылады.
Балалар әсерлерімен бөліседі, оларға қай сурет ұнады
және неліктен.
Сендер неліктен нақ осы түстерді қолдандыңдар?
Сендердің жұмыстарыңда қай түстерді жылы деп
атауға болады?
Қай түстер суық түстерге жатады?
Педагог балаларға алдын ала қағаздан дайындалған
алманы үлестіріп береді. Егер сабақ ұнаса, қызықты
болса – алмаағашқа қызыл алманы, ал қызықсыз бол-
са – жасылын іліңдер.
Балалар
жұмыстарының
көрмесіне арналған
стенд.
Әліппе-альбом.
27-ҰОҚ. Ботқа салуға
арналған тәрелке
(сәндік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.3. Өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін
2-3 элементтен кезектестіріп ырғақты орналастыру.
0.2.1.3. Жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне
сипай жанастыру әдісін қолдану.
89
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін
үйлесімді орналастырады;
• өрнекті салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін
қолданады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• қылқаламмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды;
• өсімдік элементтерін үйлесімді орналастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сюжетті суретке қол жеткізеді;
• өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сюжетті салу кезеңдерін талдайды;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір
білдіреді;
• сабақта тыңдалған материалды әңгімелеп береді.
Көптілділік: тәрелке – тарелка – plate.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• ыдыс-аяқ, ас үй ыдыстары, сәндік әшекей, өрнек.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай ыдыс түрлерін білесіңдер?
Тәрелке немен әшекейленген?
Оның әшекейінде қандай өрнек басым?
Бастапқы білім
Түс, оның түрлері, реңктері мен өңдері туралы, түстің жарыққа қарай
өзгеруі туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Мен сендерді сау, көңілді көргеніме
қуаныштымын! Осындай көңіл күйлеріңнің
кешке дейін сақталуын қалаймын! Ол
үшін біз бір-бірімізге жиірек жымиып,
көмектесуіміз керек!
Бұл не ғажайып. Мұнда қараңдар! Ертегідегі
әшекейленген сандық. Маған оны ашуға
көмектесіңдерші.
«Сандық, сандық, ашыл!»
Ыдысты алып шығады.
(Ұ) Педагог тәрелкеге қарауды ұсынады.
Оны сипаттаңдар. Ботқаға арналған тәрелке
кішкентай. Екінші атауы: «жайпақ тәрелке».
Ол ыстық тағамға арналған. Үстел жасаған
кезде оны көбінесе көже ішетін тәрелкелердің
астына қояды. Жайпақ тәрелкеде екінші
тағамды береді. Ботқаға арналған тәрелкені
салып, оны өрнекпен әшекейлеуді ұсынады.
Музыкалық сүйемелдеу.
Әшекейленген сандық
ыдыстар
Қазақ халқының
тұрмысы мен мәдениеті.
Алматыкітап баспасы,
2006ж.
90
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен
жұмыс.
Суретте қандай ыдыс бейнеленген?
Айсұлуға ботқаның қай ыдыста тезірек
суитынын айтып көмектес. Неліктен?
(Ж) «Өрнек жаса» дидактикалық жаттығу
ойыны
Досыңмен бірге тәрелкеге өрнек жаса.
Бүгін біз қандай құралдарды пайдаланамыз?
(Қылқалам). Бізге акварель бояулар мен
гуашь та қажет болады.
(Ұ) Саусақ жаттығулары
Қазым, қазым,қаңқылда,
Жүз көліңе, салқында,
Жем шашайын, жейсің бе?
Кәмпит берші, дейсің бе?...
Қаз:
Жоқ! Жоқ!
Кәмпит маған болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.
Өлең жолдарына сәйкестендіріп қимылдар
жасайды.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог оқу құралдарының партада орналасу
ережелерін еске салады. Балалардан
қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстау
керектігін көрсетуді сұрайды.
Қылқаламмен, бояулармен жұмыс істеу
барысындағы қауіпсіздік техникасы
ережелерін еске салады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
Сиқырлы сөздерді айтайық: «Кәне, шебер
бояулар, жұмысқа кірісейік»
Әліппе-альбоммен жұмыс.
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Қандай геометриялық пішіндер сендерге
тәрелкені салуға көмектеседі?
2-3 элементті кезектестіріп, геометриялық
пішіндер мен өсімдік элементтерін
пайдаланып, ботқаға арналған тәрелкені
өрнекпен әшекейлеңдер.
Әліппе-альбом.
Өрнек элементтері.
Музыкалық сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
Түрлі өлшемдегі
қылқаламдар №3, №6,
акварель, гуашь, суы
бар төгілмейтін стақан,
мақта майлықтар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады.
Педагог жұмыстарды талқылауды
ұйымдастырады.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп
ойлайсың ба, әлде онша емес пе?
Педагог үш бет-әлпет бейнеленген суретті
көрсетеді: көңілді, мұңды, өкпелі пішінді.
Карточкалар таңдауын ұсынады.
Балалар жұмыстарының
көрмесіне арналған
стенд.
Әліппе-альбом.
91
28-ҰОҚ. «Пайдалы
тағамдар» елі
(ұжымдық сурет салу)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын
бейнелеу.
0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге,
қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай
қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
• сюжетке қарай қажетті материалдарды таңдайды;
• суретті бір бағытта бояйды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• дәстүрлі емес сурет салу техникаларын меңгереді;
• материалдарды тиімді жұмсайды;
• алдағы әрекеттерді айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сызықтардың бірқалыптылығы, бірігуіне, олардың жіңішкелігі,
әсемдігіне қол жеткізеді;
• өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сюжетті өз естеліктерімен толықтыруды ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• Өз жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын талқылайды және
пікір білдіреді;
• қажетті түс реңктерін таңдау себептерін атайды;
• сюжетті жасау кезеңдерін ауызша сипаттайды.
Көптілділік: жидектер – ягоды – berries.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• көктем, табиғат, пайдалы тағамдар.
талқылауға арналған сұрақтар:
Суретте не бейнеленген?
Қуаныш пен Айсұлу салған сурет басқа суреттерден несімен
ерекшеленеді?
Сендердің дәмділік елінде тұрғыларың келе ме?
Бастапқы білім
Көргенін зердеде қайта жаңғырту және өз эмоциялары мен әсерлерін
суретте жеткізу іскерлігі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Достарыңызбен бөлісу: |