Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балалармен бірге шеңберге тұрады.
Ойын: «Үш түс – үш қозғалыс»
Педагог бағдаршамның үш түсіне сәйкес қимылдар жасайды. Қызыл – қолын жоғары көтереді, сары – солға бұрылады, жасыл – қолдарын төмен түсіреді. Балалар тәрбиешінің қимыл-қозғалысына байланысты бағдаршам түстерін дұрыс атаулары қажет. Екі-үш рет ойнаған соң, ойынды қиындатуға болады: педагог бір қимылды көрсетіп, басқа түсті айтады, балалар сол түстің қимылын қайталауы керек. Мысалы: қолын көтеріп, бағдаршамның сары түсі дейді, балалар сол түстің қимылын көрсетуі керек (солға бұрылу).
Достарыңызбен бөлісу: |