Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балалармен бірге шеңбер бойына тұрады.
«Үй сыртында қолағаш» ойыны.
Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады. Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп,
былай дейді:
Үй сыртында қолағаш Желбау тартам, есік аш.
Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол – есік ашпағанның белгісі.
Ойын бастаушы:
«Үй сыртында қолағаш
Озам десең, ала қаш» – деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама-қарсы жақпен жүгіреді.
Екі баланың бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |