«Сиқырлы қазақ елі»ойын-сауығы Бастаушы



Дата31.01.2018
өлшемі21,62 Kb.
#36544
«Сиқырлы қазақ елі»ойын-сауығы

Бастаушы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?Бүгінгі ойын-сауыққа қош келдіңдер! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі мерекемізді ҚР-ның 1.Әнұранымен бастаймыз.

Бастаушы: -Балалар, кім Отан туралы, Қазақстан туралы тақпақтар біледі?



2.Тақпақтар

Айханым:Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен Отан!



Ермек:Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң ұлы Отан.

Елім менің-тірегім

Құшағында гүл атам.



Жансая:Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен-байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тұра бер,

Қазақстаным менің!

-Жарайсыңдар, балалар. Ал енді бәріміз «Сәлем, Қазақстан» әнін орындайық.

3.Ән «Сәлем, Қазақстан!»

(Осы кезде Алдар Көсе кіреді)



Алдар: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Алдар Көсемін, сендердің мерекелеріңе алыстан асығып жеттім. Балалар, мені сағындыңдар ма? Сіздерде үлкен мереке болып жатыр екен ғой.

Бастаушы: -Сәлеметсің бе, Алдар! Сен қайдан жүрсің? Біздің қадірлі қонағымыз бол. Жоғары шық.

Алдар:-Жарайды, рахмет сізге. Мен де құр қол келген жоқпын. Бүгінгі мерекеге ойындар әкелдім. Мен тек Алдар емеспін, мен қазір сиқыршымын. Сендердің қандай өнер көрсететіңдеріңді де білемін. Қазір тауып алайын ба? (сиқырлы таяқшаны алып, ұлдарға көрсетеді)

-Мына ұлдар, қазақтың «Қара жорға» биін билегілері кеп тұр екен. Дұрыс па, балалар? Кәне, ендеше ортаға келіңдер.



4.Би «Қара жорға»

Бастаушы:-Алдар, енді сенің де өнеріңді көрейік. Мүмкін бір сиқыр көрсетесің.

Алдар:-Әрине, менің сиқырым дайын 5.Фокус «Ұзын, қысқа ленталар» (сиқырлы таяқшамен ұзын, қысқа ленталарды тауып алады)

6 «Өзбек» биі

7 Ойын «Сиқырлы гүл»

Шарты: ортаға балалар шеңбер бойымен тұрады. Музыка әуенімен гүлді бір-біріне береді, музыка тоқтағанда қай баланың қолында гүл қалса, сол бала сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1.Біздің еліміз қалай аталады?

2.Еліміздің бас қаласы қай қала?

3.Елбасымыз кім?

4.Ұлтымыз кім?

5. Рәміздерге нелер жатады?

6.Қандай қалаларды білесің?



7.Біз қандай қалада тұрамыз?

8.Би «Қыздар» (қазақша)

9.Ойын «Жаяу тартыс»

10.Фокус «Банкалар»

11.Ән «Достық»

12.Флэш-моб

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет