Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог жаз, күз мезгілдері туралы өлеңдер оқиды:
«Көлім, көлім, көлім», – деп, Қаз да келді маймаңдап,
«Шомыл, шомыл, шомыл», – деп, Жаз да келді жайраңдап.
Сарғайды тоғай Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.
Негізгі кезең.
М.Әлімбаев
Жыл мезгілдерін еске түсіруді сұрайды. Әр мезгілдің үш айдан тұратынын еске түсіреді.
Балалар өлең мазмұны бойынша не түсінгендерін қысқаша айтады. Жыл мезгілдерін атап береді.
Балаларға сұрақтар қойылады:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
Мұның алдында қандай мезгіл болды?
Жаз мезгілі.
Жаз айларын атаңдар.
Маусым, шілде, тамыз.
Жаз мезгілін бейнелейтін сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.
Жаз кезінде дала, орман, саябақтар қандай болып көрінеді?
Дала, орман, саябақ жап-жасыл болады. Гүлдер жайқалып өседі. Күн ыстық болады.
Жазда құстар мен жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Жазда құстар балапандарын ұясынан ұшырады. Жануарлар мен құстар үшін азық жеткілікті болады.
Қандай жәндіктерді бақыладыңдар?
Шегірткелер шырылдап, аралар гүлден-гүлге ұшып-қонады. Көбелектер гүлден айнымайды. (Педагог балалардың жауабын толықтырып, нақтылайды).
Күн мен түннің ұзақтығы туралы не айтасыңдар?
Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады.
Адамдар қандай еңбек түрлерін атқарады?
Үй жануарларына қысқа шөп дайындайды, орманнан жидектерді, жемістерді жинайды.
Полилингвалды компонент: егістік – поле – field, шабындық – луг – meadow .
Егін жинау қайсы айда басталады?
Тамыз айынан бастап егін жинай бастайды.
Балалар, сендер жазда егістікке, шабындыққа, баққа, бақшаға бардыңдар ма? Қазір біз сендермен «Не қайда өседі?» ойынын ойнаймыз. Балалар өсімдіктер
бейнеленген карточкаларды тез алып, орман, шабындық, егістік, бақ, бақша бейнеленген үлкен картадағы бос торкөздерді толтырып жарысады.
Ал өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай керек?
Жылу, су, жарық.
Бүгін біз өсімдіктердің тіршілігі үшін судың қажет екеніне көзімізді жеткізіп көрейік.
Балалар тәжірибе жасайды. Біраз уақыттан кейін тәжірибенің қорытындысын бақылайды.
Бір шоқ гүлдің бір данасын алып, сусыз қалдырамыз. Біраз уақыттан соң сусыз қалған және судың ішіндегі гүлдерді салыстырамыз.
Қандай айырмашылықтары бар? Балалар өз қорытындыларын айтады.
Сергіту сәті:
Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай Шеңбер жасап тұрғандай.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Педагог күз көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді.
Күз туралы білетіндеріңді айтыңдар. Ауа райы қандай болады? Ағаштар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай өзгерістер байқалады?
Күн салқындай бастайды. Жаңбыр жиі жауады. Күн өткен сайын ауа райы суыта береді. Жапырақтар сарғаяды, біртіндеп шөптер қурай бастайды.
Есік қағылады. Қонаққа қарға келеді. Балаларға ол естіген оқиғасы туралы айтып береді:
Жәндіктер ормандағы алаңқайға жиналып, қысты қалай өткізетіндіктері туралы айта бастады. Көбелек: «Мен ескі сарайдың шатырының астында жылы қуыс бар, сонда
жасырынамын», – дейді. Құмырсқа: «Ал мен ...», – деді. «Ал біз ...», – деп ызылдады аралар.
«Ал мен ...», – деп сыбырлады құрт.
Жәндіктер не айтуы мүмкін?
Құмырсқа: «Мен илеуімнің түбіне ұйықтауға кетемін», – деді. Құрт: «Мен ағаштың қабығының астына жасырынамын», – деді. Ара: «Мен қуыстарға тығыламын», – деді.
Аңдар тіршілігінен нені байқадыңдар?
Аңдар да қысқа дайындалады, азық қорын жинайды, індерін жылылайды. Олардың жұқа жүндері түсіп түлейді, яғни жүндері қалыңдап өседі. Кейбір аңдар ұйқыға дайындалады.
Адамдар қандай еңбек түрін атқарады?
Адамдар егінді, жеміс, көгөністерді жинайды. Үй жануарларына қысқа азық дайындайды. Отын-суын жөндейді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырмаларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |