Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет37/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

ҰОҚ барысы:


    • Балалар, адам, өсімдік, жануарлар тіршілік ету үшін не керек?

    • Тіршілік үшін ең алдымен су, жарық, ауа керек.

    • Біз бүгін судың тіршілік үшін қандай маңызы бар екенін білетін боламыз. Глобусты көрсету.

    • Глобуста қандай түс көп?

    • Глобуста көк түс көп.

    • Глобуста суды қандай түспен белгілейді?

    • Глобуста су көк түспен белгіленеді.

    • Осы арқылы не айтуға болады?

    • Бұл табиғатта құрлыққа қарағанда судың көп екенін көрсетеді.

2. Негізгі кезең.


«Су кімдерге немесе нелерге қажет?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру. Үстел үстінде әртүрлі заттардың суреттері бейнеленген карточкалардың ішінен суды қажет ететін заттардың суретін таңдап алады.
«Жылға және көл» сергіту жаттығуы. Балалар «жылға» дегенде топ ішінде тарап кетеді,
«көл» дегенде қол ұстасып шеңбер құрады.
Полилингвалды компонент: жылға – ручей – creek, көл – озеро – the lake, тұщы – пресный

  • unleavened, мөлдір – прозрачный – transparent.

    • Өзен-көлдің, теңіздің суын адамдар қалай пайдаланады? (Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады).

    • Суда ыстық күндері шомылады, кемелер жүзеді, балық аулайды, тұщы суды адам тамақ дайындауға пайдаланады, сумен кір жуады, ыдыс жуады, үй тазалайды т.б.

    • Адамдар ежелден-ақ суқоймалары бар жерге қоныстанған. Сендер тұратын жерде қандай өзен, көлдер бар? Балалар өздері тұратын жерде қандай өзен, көлдер, суқоймалары бар екенін айтады.

    • Ал су туралы қандай мақалдар, өлеңдер білесіңдер? Балалар өздері білетін өлеңдерді, мақалдарды айтады.

    • Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз?

    • Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

    • Судың қасиеттерін еске түсірейік.

  1. Су мөлдір.

  2. Судың дәмі жоқ.

  3. Судың иісі жоқ.

  4. Судың пішіні жоқ.

  5. Су еріткіш.

Педагог жұмысы.
№1 тәжірибе. «Бу – бұл су». Педагог ыстық су құйылған шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады. Оның үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады. Балалар педагог көрсеткен әйнектегі су тамшыларын ұстап көреді. Будың су екендігіне көздерін жеткізеді.
№2 тәжірибе. «Су сұйық».
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құяды. Су қандай?

    • Су – сұйық, сондықтан ағады.

№3 тәжірибе. Мөлдір ыдыстағы суға 2–3 түйір тасты салады. Тас көріне ме? Судың түсі қандай?

    • Су мөлдір.

№4 тәжірибе. Қатты суықта су неге айналады?

    • Су мұз болып қатады.

№5 тәжірибе. Суға қант салып көрейік. Қант еріп кетті.

    • Су еріткіш.

№6 тәжірибе. Суды ішіп көріңдер. Дәмі бар ма?

    • Судың дәмі жоқ.

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырмаларды орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет