Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет2/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

Мақсаты: «Әлеумет» білім беру саласы бойынша бала санасында экологиялық түсініктерді қалыптастыру, табиғат әлеміне, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, коммуникативтік-танымдық қызметін дамыту, қоршаған орта құбылыстарымен таныстыру кезінде балалардың әлеуметтік дағдыларын жетілдіру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
«Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері» атты әдістемелік нұсқау келесі білім беру міндеттерін шешуді көздейді:

    • жүйелі экологиялық түсініктер және адамзат өмір сүретін орта ретінде табиғат пен әлем

туралы ұғым қалыптастыру;

    • бұл түсініктерді осы жас тобындағы балалардың қабылдап, түйсінуі үшін айқын, бейнелі, жақсы есте сақталатындай етіп иллюстрациялау;

    • табиғатты қорғау қызметінің қажеттілігі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

    • адам мен табиғаттың өзара байланыс негізі ретінде экологиялық мәдениетке және адамгершілікке тәрбиелеу;

    • жанды және жансыз табиғатты аялауға, өз әрекеті үшін жауапкершілікті сезіне білуге баулу;

    • айналада болып жатқан нәрселерге немқұрайды қарамауға тәрбиелеу;

    • табиғаттағы құбылыстарды бақылау дағдысын және көргендерін талдай білу қабілеттерін дамыту.

«Экология» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің негізгі дидактикалық ойы – табиғаттың алуантүрлілік идеясы, осы алуантүрліліктің Жер бетіндегі тіршіліктегі көрінісі, тұтастық, өзара байланыс, табиғатқа тән қатынас үйлесімдігі идеясы. Балалар табиғат әлемі нәзік және адамдардың аяусыз әрекеті алдында қауқарсыз екенін, табиғат біздің қамқорлығымызға зәру екеніне көз жеткізуі тиіс. Мұнда балалардың білімін толықтырумен
қатар, олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуы үшін мәдени-экологиялық орта құру, табиғатқа деген жаңаша көзқарас пен қарым-қатынасты қалыптастыру міндеті шешіледі.
Жыл соңында «Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері» бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесі:

    • заттарды атау және ажырату, олардың мөлшері, түсі, пішінін анықтай алу, материалы

неден жасалғандығы туралы, түрлері бойынша жіктеу;

    • көлік құралдарын атау және ажырату, түрлері бойынша жіктеу;

    • байланыс құралдарын;

    • кейбір өндірістік және ауылшаруашылық кәсіптердің атауын, мазмұнын, мәнін;

    • кез келген зат адамның еңбегімен келетіндігі туралы;

    • өз елінің, басты қаласының, туған қаласының (ауылының) атауын;

    • өз елінің рәміздерін атау және ажырата білу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау ережесін;

    • жолда жүру ережелері, кейбір жол белгілерін, қауіпсіздік ережелерін;

    • тәжірибе жасауға құлшыныс білдіріп, ересектердің көмегімен орындауды;

    • жанды және жансыз табиғат ұғымдарын ажыратуды;

    • өсімдіктердің бірнеше түрін атау және ажырата білуді, олардың өсуі үшін қажетті жағдайларды және көбеюінің бірнеше тәсілдерін;

    • жануарлардың тіршілігі туралы;

    • табиғатты шамасы келгенше сақтауға көмек көрсетуді,

    • байқап көру әрекетінің көмегімен түрлі мәселелерді шешуді, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орната білуі тиіс.

Қоршаған ортамен танысу кезінде педагог мынаған басты назар аударғаны жөн:

    • заттар, шынайы құбылыстар туралы бір сарынды әңгімемен ғана шектелмеуі тиіс, ұйымдастырылған оқу қызметіне қимыл-қозғалысты көбірек енгізген жөн (орындыққа, диванға отыру, киім кию, жүру, анасын шақыру, әжесіне көмектесу т.б.);

    • балаларға тым көп сұрақ қоймау керек;

    • балалармен жұмыс ұйымдастыруда тек танымдық ұйымдастырылған оқу қызметі түрін қолданбау керек.

Қоршаған ортамен танысу балалар үшін түсінікті және нәтижелі болуы үшін өзара іс- әрекеттің балама түрлері, әдіс-тәсілдері таңдала отырып, психологиялық ерекшелігіне сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Ересектер тобында қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметі және дидактикалық ойындар түрінде өткізіледі. Мұнда ойын ережесі балалардың өзара іс-әрекетін реттейді, ал тапсырманы дұрыс шешу ойынның мақсатына жетуді білдіреді. Ойын түріндегі ұйымдастырылған оқу қызметінде, дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда әрбір балаға қоршаған ортаға деген өз белсенділігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ахуал құрудың маңызы зор.
Оқу қызметі жоспарларын құрастырып жазу барысында педагогиканың төмендегідей әдіс-тәсілдері мен технологиялары қолданылды:

  1. Әдістер: түсіндіру, көрнекі (сөздік, практикалық); өзекті мәселе шешу; іздену; ойын; жаттығу; практикалық тапсырмалар.

  2. Тәсілдері: салыстырмалы талдау; көрсету; түсіндіру, әңгімелеу (өзекті сұрақтар, тапсырмаларды орындау: «Неге?», «Тап!», «Түсіндір», «Сен қалай білдің?» т.б.).

  3. Технологиялар: тұлғалық нәтиже; денсаулық сақтау; АКТ, ойын, дамыта оқыту, жобалау технологиялары т.б.

Оқу қызметін құрастыру барысында мынадай әдістемелік ұстанымдар негізге алынды:

    • Оқу қызметі конспектілері «Мектепке дейінгі мекемелердің ішкі құжаты» деген мәртебеге ие.

    • Оқу қызметінде іс-әрекеттердің барлық үдерістері жазылады:

а) педагог оқу қызметінің тақырыбы, мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, күтілетін нәтижеге шығады;
ә) педагог оқу қызметі конспектісін пайдалана отырып, баламен тікелей байланыста болады;
б) конспектіде балалардың үлгі жауаптары жазылған, бірақ педагог сұрақтарды ыңғайына қарай өзі өзгерте алады;
в) тірек сұрақтар арқылы балаларды дұрыс жауап беруге және өз бетінше қорытынды (тұжырым) жасай білуге жетелейді;
г) баланың жауабы қандай болса да талқыланады, басқа жауаптармен салыстырылады және қорытынды жасалады;
ғ) баланың алған білімі оқу қызметінде жүргізілген тәжірибе, бақылау және іс- тәжірибелері арқылы бекітіледі;
д) жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындауға деген құлшыныстарын оятады, іс- әрекеттерін ұйымдастырып, бағыт беріп отырады;
е) ұйымдастырушылық-ізденістік бөлімінде өткізілген ойындарды оқу қызметінің басқа бөлімдерінде де қолдануына болады;
ж) қажетті көрнекі құралдар, материалдар көрсетіледі; з) технологиялық әдістер мен тәсілдер де көрсетіледі.
Үш бірлікті мақсат – бұл өзіне үш аспектіні таңдайтын күрделі құрама мақсат. Педагогтер мен тәрбиешілер осы мақсаттың нәтижесін көруге талпынады. Егер мақсат нақты берілмесе, онда педагог көздеген мақсатқа жете алады деу қиын.
Үш бірлікті мақсат ортақ сипатта болады. Ол өзінен-өзі орындалмайды. Сондықтан оны міндетті түрде бөлшектеп, үш бөлімге бөлу қажет:
Бірінші бөлім – ұйымдастыру кезеңі. Бұл бөлімде құрбылары мен педагогтерге деген тілектестік қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік қалыптасады. Іс-әрекеттеріне ой толғау жаттығулары беріледі.
Екінші бөлім – негізгі кезең. Бұл бөлімде алған білімдерін толықтырады, жаңа білім алады, ақиқатқа негізделген көзқарастар қалыптасады.
Үшінші бөлім – рефлексия. Балалар педагогтің көмегімен сұрақтарға жауап бере отырып, алған білімдерін бекітеді.
Үш бірлікті мақсатты осылай бөлімдерге бөлу арқылы педагог әдіс-тәсілдерді таңдайды, дидактикалық материалдарды әр бөлімге бөледі, сондай-ақ іс-әрекеттері мен күтілетін нәтижені де жоспарлайды.
Осылайша оқу қызметі жоспарлары үйлесімді құрылымды көрсетеді, дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер баланың қоршаған орта туралы білімін молайтады, Отанға, отбасына деген сезімдерін қалыптастырады, қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы нақты білім береді, қоршаған ортамен негізделген қарым-қатынасты орнатып, «Мен» деген жеке тұлғаның қасиетін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет