Педагог балалардан қандай жағдаяттар ұнағанын сұрап, баға беруді ұсынады. Балалар ұнаған сәттерді атап, не үшін ұнағанын айтады.
№2 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды.
Мақсаты: мамандық иелерінің жұмыстары жайлы жалпы мағлұмат беру, олардың пайдаланатын құрал-жабдықтары жайлы түсінік беру; мамандықтың бәрі жақсы деген қорытындыға келу.
Міндеттері:
Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру.
Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру. Барлық мамандықтың қажет екендігі туралы білімдерін дамыту.
Маман иелерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: сурет бойынша мамандық түрлерін ажыратады; ол мамандықтың қандай қызметті атқаратынын әңгімелеп береді; болашақтағы өз қиялындағы мамандық туралы айтады;
түсінеді: барлық мамандықтың қажетті және маңызды екенін;
қолданады: олардың еңбектерін бағалайды, құрметтейді.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, мамандық түрлері туралы фотосуреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, тақта, күн, бұлт суреттері.
Сөздік жұмыс: мамандық.
Полилингвалды компонент: дәрігер – врач – doctor, мұғалім – учитель – teacher, суретші – художник – painter.
Достарыңызбен бөлісу: |