Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет8/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021
603048, 499361, Өзен, 8 cынып БЖБ, 8 cынып БЖБ, Документ (4), Документ (4), Әлемдегі саяси қақтығыстар, Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану., 208802, үйірме 9 сынып, Хаттама жас маман тест 2018, Абайлаңыз балалар жоспары 22, Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)

Рефлексия


Педагог балалардан қандай жағдаяттар ұнағанын сұрап, баға беруді ұсынады. Балалар ұнаған сәттерді атап, не үшін ұнағанын айтады.

№2 ҰОҚ


Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды.
Мақсаты: мамандық иелерінің жұмыстары жайлы жалпы мағлұмат беру, олардың пайдаланатын құрал-жабдықтары жайлы түсінік беру; мамандықтың бәрі жақсы деген қорытындыға келу.

Міндеттері:


  1. Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру.

  2. Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру. Барлық мамандықтың қажет екендігі туралы білімдерін дамыту.

  3. Маман иелерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:


жасайды: сурет бойынша мамандық түрлерін ажыратады; ол мамандықтың қандай қызметті атқаратынын әңгімелеп береді; болашақтағы өз қиялындағы мамандық туралы айтады;
түсінеді: барлық мамандықтың қажетті және маңызды екенін;
қолданады: олардың еңбектерін бағалайды, құрметтейді.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, мамандық түрлері туралы фотосуреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, тақта, күн, бұлт суреттері.
Сөздік жұмыс: мамандық.
Полилингвалды компонент: дәрігер – врач – doctor, мұғалім – учитель – teacher, суретші – художник – painter.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет