Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет7/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021
603048, 499361, Өзен, 8 cынып БЖБ, 8 cынып БЖБ, Документ (4), Документ (4), Әлемдегі саяси қақтығыстар, Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану., 208802, үйірме 9 сынып, Хаттама жас маман тест 2018, Абайлаңыз балалар жоспары 22, Бала құқығы -адам құқығы ақпарлама (Автосохраненный)

ҰОҚ барысы:


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларды шеңбер құруға шақырады. «Айналар» ойыны.
Шарты: жүргізуші сайланады, қалған балалар «айна» болады. Жүргізуші айна сататын
«дүкенге» кіргендей болады. Жан-жағына қарап, таңданып, қандай қимыл жасаса, «айналар» сол қимылды қайталайды.
    1. Негізгі кезең:


Жұмбақ:
Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні. (Жауабы: киім).
Педагог демонстрациялық материалдағы суреттерге балалардың назарларын аударады.

  • Суреттен қандай киімдер көріп тұрсыңдар? Балалар атайды.

    • Бұл киімдер неден тігілген?

– Бұл киімдер матадан тігілген.

    • Ендеше жұмбақ шешейік:

Гүлдері бар құлпырған, Кең жазықтан аумайды. Оған әркім ұмтылған,


Киім тігер оңтайлы. Жауабы: мата.



  • Матаны неден жасайды, қалай ойлайсыңдар?

    • Матаны мақтадан жасайды.

  • Мақта туралы не білесіңдер?

  • Мақта – бағалы талшықты дақыл. Ол халықшаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең бастысы, мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның

ұзын талшықты сорттарынан әртүрлі маталар – бәтес, сәтен, шыт т.б. тоқылады. Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, медицинада қолданылатын мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады.
Балаларды заттар тұрған үстелге шақырып, заттарды тақтадағы суреттермен салыстыруға кеңес береді. (Үстелдегі заттар: киімдер, құрал-саймандар, ыдыс-аяқтар, ағаш бұйымдар). Балалар тақтадағы суреттермен үстелдегі заттарды салыстырып, атауын, неден жасалғанын, ортақ атауларын табады, жалпы сипаттамасы бойынша топтастырады.
Мысалы: балға, қолара, тістеуік, егеу – металдан жасалған саймандар.

  • Металдан тағы нелер жасайды?

  • Кемелер, мәшинелер, ұшақтар, құрал-саймандар. Тәрбиеші сурет бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырады.

    • Ыдыс-аяқтар шыныдан, фарфордан, алюминийдан жасалған. Алюминий – жылтырақ, ақ түсті металл, иілгіш.

  • Сырты – жаз, іші – қыс. Ол не?

  • Тоңазытқыш.

  • Тоңазытқыш не үшін асүйде тұр?

  • Өйткені онда тағам түрлері сақталады.

    • Асүйдегі ағаштан жасалған заттарды атаңдар.

  • Үстел, орындық, сөре.

Қазақ халқының өмір тіршілігінде ағаштан жасалған бұйымдар өте кең тараған. Себебі, ертеде қазақтың баспанасы – киіз үйден бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген.
–Ағаштан жасалған қазақ халқының танымал музыкалық аспабын атаңдар.

  • Ағаштан жасалған қазақ халқының танымал музыкалық аспабы – домбыра.

    • Заттар біздің өмірімізге қажет, маңызы зор. Айналадағы қажетті заттардың бәрін адамдар өздері жасап, күнделікті қолданады.

Педагог пластиктен, ағаш қабықтарынан жасалған түрлі себеттерді алып шығады.

  • Себеттер неден жасалған деп ойлайсыңдар? Балалар себеттерді қолдарымен ұстап көріп, неден жасалғанын айтады.

  • Себетті әртүрлі шыбықтардан, кептірілген шөп сабақтарынан, пластиктен және ағаш қабықтарынан жасайды. Педагог себеттердің әр түрін көрсетіп, балаларға бағалауды ұсынады.

Полилингвалды компонент: ағаш – дерево – tree, себет – корзина – basket , шыны – стекло – glass, қатырмақағаз – картон – cardboard.
Тәрбиеші балалардан себет қандай қажеттілікке жарайтынын қазір, осы жерде ойластыруын сұрайды. Балалар үстелде тұрған азық-түліктерді себетке салып, себеттің азық-түлікті салып, тасуға қолайлы зат екеніне көздерін жеткізеді.

    • Себетке азық-түлік салып, оны үйге әкелдік. Оларды қайда қоямыз? (Суретті көрсету).

    • Тоңазытқыш ішіне қоямыз. Педагог балалар атаған заттарды себеттен шығарып көрсетеді. Шыны ыдысқа құйылған сүт, пластик құтыдағы кілегей, тетрапакеттегі айран бар. Балалар алып шыққан заттарды қолымен ұстап көреді, неден жасалғанын атайды.

  • Мынау – айран. Оның ыдысы неден жасалған деп ойлайсыңдар?

  • Айранның ыдысы қатырмақағаздан жасалған.

Педагог тәжірибе жасап көруді ұсынады. 2 қатырмақағаздан жасалған қорапты алып шығып, біреуіне су құйып көреді. Қатырмақағаз қорап жыртылып, су төгіліп қалуы мүмкін,
сондықтан астына ыдыс қою қажет болады. 2-қорап ішіне целлофан пакет салып, су құяды.

  • Балалар, бұл тәжірибе арқылы біз айранды қандай ыдысқа құю керек екенін көреміз. Балалар тәжірибені бақылап, қандай нәтиже шыққанын айтады.

  • Қатырмақағазды қораптан су ағып кетті. Ал ішінде целлофаны бар 2-қораптан су ақпады. Қазіргі заман технологиясы өте жетілген. Үнемдеу мақсатында ғалымдар осындай су өтпейтін қалың, целлофаны бар пакет ойлап тапты. Өйткені сүт өнімдері құйылатын шыны

ыдыстардың бағасы қымбатқа түсті. Сондықтан қазір осындай қораптар пайдаланылады.
Бұл қорап тетрапакет деп аталады. Тетрапакетке құйылған тағы қандай тағамдарды білесіңдер?

  • Әртүрлі шырындар, газдалған сусындар, йогурт т.б.

Педагог балаларға тетрапакетті қиып, арасында не бар екенін көрсетуіне болады.
Сергіту сәтін өткізу.

Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада.


Сол қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын.

Тақпақ мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.


Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу. Дәптердегі тапсырмаларды педагогтің көмегімен орындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет