Әдістемелік нұсқау 5–6 жастағы балаларды қоршаған ортамен (айналадағы заттар және қоршаған әлем құбылыстары) таныстыру жұмысын табысты ұйымдастыруға және өткізуге көмектеседі. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы, ойын түріндегі ұйымдастырылған оқу қызметі немесе ойындар арқылы әрбір тақырыптың мазмұны ашылып берілген. Ойын түріндегі әртүрлі тапсырмалар жұмыс дәптерінде де берілген. Педагогтің ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауда алуан түрлі ойындар, мәселеге қатысты мысалдар енгізе отырып шығармашылық танытуы балалармен жұмыс жүргізуді барынша табысты, мағыналы етуге мүмкіндік береді.
Сіздерге құрмет көрсетіп, серіктестік қарым-қатынаста болатындығымызға